Бейбіт өмір
Аблай Аққу
Ақсары негізгі мектебінің 7
Пән мұғалімі: Раисова Макпал Ажкеновна
Ақсары негізгі мектебінің 7
Пән мұғалімі: Раисова Макпал Ажкеновна
Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмір сүріп жатқанымызға биыл 71 жыл. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік есте қалатын күн.. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Бүгінде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған еліміздің барлық қалаларының, саябақтарында, көшелерінде шағын аудан, ауылдарында олардың ерлік, ержүректілігіне арналып, ескерткіштер қойылған. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердің азаматтары сияқты біздің елдің де ер азаматтары мен қыздары бірінші күннен соғысқа қатысты.
1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс еліміздің қаншама адамдарының өмірін қиды, еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай жұмыс істеді. Елімізге төнген үлкен қауіп соғыс барлық адамзат баласын біріктірді. Осы барлық халықтың бірігуінің арқасында Жеңіске жетті. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Солардың бірі менің Мусин Хамзе атам. Соғыс басталғанда ауылдың ер азаматтарымен бірге соғысқа аттанған екен Сол соғыстан менің ержүрек атам қайтпады. Мен өзімнің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін!
Менің туып өскен Ақсары ауылының өзінен соғысқа кеткен қырық алты ер азаматтың жиырма төрті ғана соғыстан қайтып оралған. Жылда 9-мамыр күні ауылымызда соғыс ардагерлеріне орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ауылдың үлкендеріне құрмет көрсетіліп, қошемет жасалады.
Олар - біздің мақтанышымыз! Қазіргі кезде сол ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымыз бен апаларымыздың қатары сиреп, азайып қалды.
9 мамыр –Жеңіс күнің ел болып тойлау, біздің парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау керекпіз. Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне 71 жыл толуына орай еліміздің әрбір жерінде әртүрлі іс-шаралар, мерекелік кештер өткізілуде. Соғыс ардагерлерінің орасан зор еңбегін еш уақытта өтеу мүмкін емес. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз Отанын анасындай сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін. Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?