Жеңіс тұғыры

 Жеңіс тұғыры

Түгелбаева Жадыра
8 сынып, №5 орта мектеп Мұнайлы ауданы,
Жетекшісі:Тураева А.М.

«Отан – оттан да ыстық» әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай ыстық. «Отан» десе әрбір адамның жүрегіне жылы тиері анық. Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс - күймейсің» дегеніндей, Отан үшін еткен әрбір еңбек зая кетпейді. Отанды сыртқы жаудан қорғап, қадірлеп, қастерлеу әрбіріміздің міндетіміз, қасиетті борышымыз. Отан - ата-бабаларымыздың білегінің күшімен, найзасының ұшымен, қасық қаны қалғанша небір жаумен дамылсыз күресіп, мықтап қорғап келген асыл құндылығымыз. Халқымыздың басынан небір қиын-қыстау кезең өтті емес пе?! Соның бірі - Екінші Дүниежүзілік 1941-1945 жылдар аралығында өткен Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Көзге жас келтіріп, көңілге мұң ұялататын ауыр кезең-ді. Сол жылдары әрбір үйдің іргесін қалап, тұтқасын ұстап отырған ер азаматтары мен әрбір үйдің қаншама сүйікті ұл-қыздары майданға аттанып, қыршынынан қиылды.
Ошағының отын үрлеген аналар, жәутеңдеген жетім қалған балалар, майданға кеткен әрбір жанды үміттерін үзбей асыға, зарыға күтті емес пе?.. Төрт жыл... 1418 күн өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін сан қилы соғыс жүріп жатты. Майданда жүріп қаншама қиын кезеңдерді бастан кешіріп, қолындағы суық қаруын өзіне қарсы тұрған жауға кезеп, бүкіл өмірін Отанына арнаған, Отаны үшін өмірін, артында қалған етжақындары үшін жандарын қиып ерлік көрсеткен қаншама азаматтарымыз болды емес пе? Соғыс жылдары КСРО 270 млн. азаматынан айырылған екен. Оның ішінде 4101 мыңы қазақстандықтар болып жатты. Отаны үшін «Жұмыла артқан жүк жеңіл» дегендей, бұл соғыста тылда жүргендердің барлығы да «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен күн демей, түн демей тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді. Үлкендермен қатар балалардың да тигізген үлесі мол болды. Еңбекке жарағанының барлығы қажырлы еңбек атқарды, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты.
Осынау азапты жылдарда бүкіл КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер осы елдегі ең жоғарғы құрмет «Кеңес Одағының батыры» атағын иеленді, солардың қатарында қазақ ұлтының азаматтары 103. Осыдан-ақ қазақ халқының жеңіске өздерінің лайықты үлесін қоса білгендігін көруге болады. Міне, Ұлы отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта өшпестей боп мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңіске жетуге барлығы бір кісідей атсалысқан тыл ардагерлері де атап өтеді. Қазақ қанынан жаралған жас ұрпақтың Отан үшін от кешкен аталары мен апаларының есімдерін қастер тұтып жүргендері абзал.
Солардың бірі – Кеңес Одағының құрметті батыры, полковник, даңқты жауынгері - Бауыржан Момышұлын ерекше атап өтуге болады. Жау шебінде жүрек жұтқан ерлігімен, қайсарлық, шыдамдылығымен қатар жүргізген тактикалы әдістәсілдерімен ерекшеленгені анық. «Білекті бірді, ақыл-айлалы мыңды жеңеді» дегеніндей, халық айтқан даналық сөз соған дәлел. Және де жаужүрек сарбаздарды жігерлендіру мақсатында сан алуан қанатты сөздерімен ерлікке бастады. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дегеніндей ішкі тәртіп пен ауызбіршілікті қатаң ұстаған даңқты жауынгер еді. Бауыржан Момышұлы - әртүрлі нақыл сөздер мен кітаптардың авторы. Соғыстан кейінгі жылдары шығармашылықпен айналысқан екен. Әсіресе «Қанмен жазылған кітап» атты туындысы соғыстағы қиындықтарды көрсетеді. Ол «Қызыл Жұлдыз» газетіне «Өз ұлтын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам» деп өзінің халқын қаншалықты құрметтейтінін жазған. Сан рет қол бастап шығып, жеңіске жеткен қазақтың біртуар, қайталанбас зор тұлғасы. Бауыржан ағаға әспетті әдеби тілдің қай теңеуін теңесең де бәрі лайық! Майданға тек ер азаматтар емес нәзік жанды әйел азаматтар да аттанды.
Солардың алғашқылары болып, шығыстың қос жұлдызы - Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова апаларымыз ерлермен тізе қосып, талай рет жауға тойтарыс берген. Небары 17-18 жастағы өрімдей жас қызғалдақтарымыз өздерінің ержүрек, батыл да, қайсар мінездерімен майдандағы барлық ауыртпалықтарды ерлермен қатар көрді. Қолдарына пулемет алып, жауға қарсы тұрып, «Отан үшін, алға!» деп айқайлай ұрандатып, Отаны үшін еш қаймықпастан зор ерлікпен жандарын қия білді.
Оқ пен от бүркеген сол соғыстың ызғарлы күндерінде бір қолына қаруын, бір қолына қаламын алып, майданға аттанған ақын-жазушылар аз болған жоқ. Жалпы 120-дан астам ақын-жазушы өз еркімен майдан шебіне аттанған екен. Қазақ әдебиетінің тарихында Қасым Аманжолов та майданға арнап көптеген лирикалық өлеңдер жазған. Сондай-ақ Жұбан Молдағалиев, Мұзафар Әлімбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ілияс Есенберлин, Әзілхан Нұршайықов т.б. жазушылар Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған еді. Сырбай Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін жатқа айтпаған қазақ жоқ шығар. Қалижан Бекхожиннің «Партизан – Балтабай», «Кек» сынды туындылары майдан шебіндегі қиындыққа толы өмірді суреттеп көрсетеді. Бір ғасыр өмір сүрген, халықтың басынан өткен барлық ауыртпашылықтарын көре білген, сезе білген халқы үшін жан күйдіре білген, қазақтың біртуар ұлы Жамбыл Жабаев та жалынды шығармаларымен майданға аттанған сарбаздардың рухын көтеріп, күш-қуат, дем беріп отырған. «Ленинградтық өренім» өлеңі соғыс жылдарында Отан үшін шайқасып жатқан барлық халық жүрегіне енгені анық. Сол жылдары өлең қолма-қол орыс тіліне аударылып, майдан мен тылға кеңінен таралған.Ақынның оқ тескен өлеңдері қаза тапқан жауынгерлердің қойын қалтасынан табылған. Ақынның сүйікті ұлы Алғадай да ерлікпен жау қолында қаза тапқан. Бізге ең маңыздысы – кешегі Ұлы Дала тіккен ерлік туын құлатпай, асқақ ұстаған осы заманғы батырларын жас ұрпақ қастер тұтсын, ардақтасын деген ізгі тілекті жүзеге асыру.
Сұм соғыс кезіндегі зұлмат жылдардың куәсі болған әрі біз үшін, туған жері үшін жан аямай күресіп, бізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ сыйлаған ардагерлерлерімізге құрмет көрсету – біздің парызымыз. «Ер есімі – ел есінде» - дегендей, олардың жасаған ерлігін келешек ұрпақ ешқашан ұмытпақ емес. Ата-бабаларымыздың осынау қайнаған қанды шайқаста көрсеткен ерен ерліктері тарих бетінде алтын әріптермен жазылып, ел жадында мәңгі жатталып,сақталады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!