Ілияс Жансүгіров (Ел шетінде, жау бетінде)

 Ілияс Жансүгіров (Ел шетінде, жау бетінде)

Бұлт қалың, ай қараңғы,
Куілдеп соғып тұр дауыл...
Төңірек, маңай, ғаламды
Жамылшы жапты бір ауыр...
Қалың тоғай, қара орман,
Су салдыры недәуір,
Жаңа жұрт, жапан, жар қонған
Жадағай қора, жарлы ауыл...
Қорада қойлар қорқулы,
Мөңіреп сиыр, көк теке
Бақылдайды, у-шулы...
Алдымда от алакөлеңке.
Төңіректеген төбетім,
Тығылып үйде ықтайды.
Күзетер деген күзетшім
Бүркеніп быр-быр ұйықтайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?