Жанқиярлық ерліктің жарқын үлгісі

 Жанқиярлық ерліктің жарқын үлгісі

Кирпичникова Юля
8 сынып оқушысы №21 негізгі мектеп Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Ашимханова Калжан Абдусалиевна

Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыр күні дәл осы шаттық хабарды естіп,бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты...
Осы жеңіске жетер жолда миллиондаған адамдар мерт болып,мертігіп,мүгедек болып,миллиондаған адамдар босып кетті. Бірақ бәрібір де Берлиндегі рейхстаг төріне жеңіс туын желбірей көтерді. Осы жеңісжолында Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің де қанымен, жанымен жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлесі бар. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті күш.Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.
Биыл ТМД елдері Ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақпыз, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпаққазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінкейінгі буынға дәріптеу азаматтық парызымыз деп білеміз. Соғыста біздің аталарымыз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті .Қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі ерекше. Республикамыздың халқы қаһарлы жылдары тас- түйіндей бекілді.Қазақсан Ұлы Отан соғысына біртұтас елдің құрамдас бөлігі ретінде кірісті. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің 1941 жылғы қаулысымен Қазақстан және Орта Азия, Кавказ Респуликаларында ұлттық әскери құрамалар жасақтала бастады. Сол жылы қазақ жерінде жеті атқыштар дивизиясы, үш атты әскер дивизиясы, үш атқыштар бригадасы құрылды.
Қазақстанда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының (командирі генерал – мойор И.В.Панфилов) бөлімшелері 1941 жылдың 16 қарашасында Мәскеуге өршелене ұмтылған неміс басқыншыларының тегеурінді шабуылын тойтарып, жанқиярлық ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Волоколамск тас жолындағы Дубосеково бекетін қорғаған атақты 28 –ші панфиловшылар сапында Н.Есболатов, Ә. Қосаев, А.Қожабергенов, М.Сеңгірбаев сынды қазақ жауынгерлері қаһармандықпен шайқасты.1941жылдың 18-і мен 21-нші қарашасында Мәскеуді жаудан қорғау шайқастарында ботальион командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлының сарбаздары асқан ерлік көрсетіп, даңққа бөленді.1942 жылы Бородино селосының маңындағы қиян-кескі ұрыста қазақ жауынгері Т.Тоқтаров ішін оқ тіліп, ішек-қарны ақтарылып түссе де атысты тоқтатпады. Арыстанша алысып жүріп, 49 фашисті жер жастандырған Төлегеннің ерлігін асқақтатқан «Жас қазақ» әні бүкіл майдан даласына жайылды.1943 жылы Невель қаласы үшін ұрыста пулеметші Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Оған Кеңес одағының Батыр атағы берілді. 1944 жылы жойқын шабуылға шыққан Кеңес әскерлері 900 күн жау құрсауында қалып, адамзат тарихы білмеген азапты күндерді бастан өткеріп жатқан Ленинград қаласын азат етті. Халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың соғыс жылдарында шығарған өлеңдері: «Ленинградтық өренім», «Москва», «Отан әмірі», «Совет гвардеецтеріне» атты өлеңдері майданның алғы шебінде жауынгерлерді ерлік күреске рухтандырған ұран іспетті болды.«Ленинградтық өренім» аштық пен жалаңаштықтан қиналған қала тұрғындарының жігерін жанып, рухтарын көтере білді.Ұлы Жеңіс әкелген құндылықтар туралы айтқанда ең алдымен сол бір қантөгіс, жиһангерлік соғыстан аман қайтқан ағаларымыз бен апаларымыздың соғыстан кейінгі қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған адамгершілік, тәрбиелік, отансүйгіштік, жас ұрпаққа қамқорлық, әділеттілік пен тазалықтың қорғаушысы болған майдангерлер еңбектері барша халық өкілдерінеүлгі болды. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде тылдағы ғалымдарымыздың ерлігі туралы тоқталсақ , белгілі ғалымдар: М.Ғабдуллин, С.Аманжолов, С.Бәйішев, А,Нүсіпбеков, С.Зимонов, А.Абдуллин, Ә.Қайдаров соғыстыңең қиын сәттерінде жауынгерлердің арасына саяси тәрбие жұмысын жүргізіп, алдыңғы шепте аянбай соғысса, ал соғыстан кейін ғылымның бүкіл бір саласына бағдар, басшылық жасап, Қазақстанғылымының дамуына ерекше үлес қосты. Сондай-ақ ұлттық акдемияның академиктері атанды. Соғыстың от-майданында жүріп «алты малтаны ас етіп», «толарсақтан қан кеше жүріп», елге жеңімпаз ретінде оралған олар соғыстың ерлік рухын, адам бойындағы бар қасиетке сын болған алапат қиыншылықта өзінің азаматтық арына дақ түсірмей, тіпті дәлірек айтсақ қазақ ұлты ұландарының ерлігі мен мәрттігін, төзімділігін танытты.Кешегі өткен Бауыржан Момышұлы мен Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев бастаған жазушылар мен ақындардың шығармашылық ерлігін, бүгінгі ортамыздағы қайырымдылық пен әділдіктің, патриоттықтың жыршысы мен күзетшісіндей Әбдіжәміл Нүрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұзафар Әлімбаев, Қалмұқан Исабаев және басқаларды айтуымыз парыз.кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Соңғы мәліметтер бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапыл соғыста Қазақстаннан 1 миллон 600 мыңдай жауынгер жауларға қарсы жан аямай шайқасты. Одақ бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшылар, партизандар, қарапайым халық өкілдері 1934 жылы белгіленген ең жоғарғы атақ – Кеңес Одағының Батыр атағын иеленеді.Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухын сіңіреді. Олардың ерлігі алдында тағзым етіп, бас июімізқажет.Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін, Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып отанын қорғады.
«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай атабабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, соғыста ерлікпен қаза тапқан ,әрбір батырлардың ерен ерліктерінтарих төрінен алатын орнынмәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді, әрқашанда жүрек түпкірінде, жадымызда сақтаймыз.Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Әлемнің саяси картасына Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті берік орын тепті. Кеңес жауынгерлерін өз туының астына топтастырған коммунистік идеология мұрағатқа кетті. Қазір Республикамыздың өз мемлекеттік символдары - елтаңбасы, туы, әнұраны бар, басқа елдер секілді Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қорғайтын өз қарулы күштері және құқық қорғау органдары, өз ұлттық валютасы бар.Мен осындай ынтымағы бірлікте,бақытты елде тұратынымды, мақтан етемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?