Шын жеңіске жеткен елім

 Шын жеңіске жеткен елім

Буркитхан Еркежан
7 сынып оқушысы «Родниковское ауылының №25 ОМ» КММҚарағанды облысы
Басшысы: Джилкибаева М.Б.

Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды.Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты.
Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз.Отан қорғауға ерлер мен әйел-дердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы М. Мәметова мен Ә. Молда- ғұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Халықтың басына қиын қыстау кез туғанда М. Мәметова жане Ә. Молдағұлова сияқты біз көмектесуге, күресуге дайынбыз.1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстагқа Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі.
Ата – бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті.Біз енді осы ата – бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Менің ойымша, қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып, жайбарақат отыра алмайды.Мұны жадымыздан шығарып, өшіріп тастау біздің қолымыздан келмейді, Өйткені Ұлы Отан соғысы бізге өз туған тілімізді, жерімізді, отбасымызды және қасымызда жүрген туған – туыстар мен достарымызды қадірлеп, бағалай біле білу керек екенін көрсетті.
Бірақ, соған қарамрстан ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе кинолар, радио телехабарлар ата –бабаларымыздың ерлегін мақтаныш тұта жеткізді.
Ұлы Отан соғысы ... Бұл сол кездегі кеңес хақының ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін , тарихта мәңгі қалатын күн. Мен соғысты жек көремін. Соғыс адамдарға азаптан басқа ештеңе бермейді. Елімізді қорғау үшін адамдар соғысқа аттанады. Бірақ бұл соғыстан тек кейбір адамдар тірі қалып, үйлеріне барады. Қайтыс болған адамдардың үйлеріне қара хат жіберіледі. Зар жылап отырған аналар үмітін үзбей, оларды күтеді. Баласының өлгенін ешқандай ана мойындамайды. Сөйтіп жүріп, ауырып, бұл дүниеден өтеді. Осындай жағдайды ойласам, көңіл – күйім түсіп, көзімнен жас шығады. Мұндай соғысты кім жақсы көріп, кім қалайды. Мен соғыстың ешқашан болмағанын тілеймін. Біз қазақтар бәріміз біргеміз. Бұл біздің ең басты байлығымыз. Себебі, барлығымыз тату – тәтті, достықпен, бірлікпен өмір сүріп жатырмыз.Мұның барлығы ата – бабаларымыздың арқасы деп ойлаймын.
Біз ата – бабаларымыздың алдында бес иіп, құрметтеуіміз, бұл адамгершіліктің белгісі. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш – бірлік. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Б. Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде» - демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымызбен апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәнгі шуағын шашпақ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі