Мәңгілік өшпес отты жылдар

 Мәңгілік өшпес отты жылдар

Алпысбаева Асылай
10 сынып Ж. Еділбаев атындағы
№18 мектеп-гимназия ОҚО Түркістан қаласы
Жетекшісі: Ауезова Майра

1941 жылдың 22-маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1млн 196 164 адам қатысты. 12-атқыштар дивизиясы, 4-ұлттық әскери дивизиясы, 7-атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай Қазақстандық қатысты.
8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүние жүзін таң қалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді. Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдеді.
Мәскеу түбіндегі шайқаста саяси В.Г.Клочков басқарған бөлімше 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп асқан ерлік көрсетті. 1941 жылы 17-қарашада дивизияға «8-гвардиялық» деген атақ беріліп, кейінірек «ҚызылТу», «Ленин» ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін «Екінші дәрежелі Суворов» орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
1942 жылы ауқымы жағынан адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград шайқасының отты жалыны қазақ даласын да шарпыды. Полковник Ғани Сафиулин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі жаудың 120 танкісін, 800 автомашинасын жойды. Сталинград майданында шайқасқан 29 және Алматының 38-атқыштар дивизияларының даңқы шықты. Қазақстанда жасақталған бөлімдер Мәскеу мен Ленинградты қорғасты, Балтық бойы республикаларының, Украина мен Белоруссияны жаудан тазартты. Днепрде, Одерде ерлік үлгілерін көрсетті, Еуропаны жаудан тазартты. Жау ұясы Берлинге шабуыл жасады.
Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдердің көбі Совет – Герман майданының аса жауапты учаскелерінде болып, жауынгерлік ерлік пен әскери табандылықтың қатал сындарынан сүрінбей өтті. 470-ке жуық «Кеңес Одағының Батыры» атағы Қазақстандықтарға берілді,соның 96-сы қазақ болатын. Соғыста ерлермен бірге әйелдер де болды. Олар ұщақпен көкке самғады, танк жүргізді, пулемет арқалады, ұрыс даласында мергендік көрсетті.
Батырлық, ерлік қазақтың қанында бар. «Тегінде бар тек жатпас» деген, сол халықтың ұрпағы ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Сұм соғыста жеңіске жету жолында жауға қарсы ұмтылған батырларымыздың есімі мәңгі ұмытылмайды. Олар: Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Н.Әбдіров, Т.Бигелдинов, Қ.Сыпатаев, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова т.б. Түркістандық батыр аталарымыз: Р.Есетов, Н.Шотаев, А.Рисметов, А.Дайрабайұлы.
1942 жылдың 19-желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық Нүркен Әбдіров оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты.
Панфиловшы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Бауыржан Момышұлы полковник лауазымымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің «Волоколамское шоссе» повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналады. Сөйтседе Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай тек 1990 жылы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласуымен оған «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Бұл соғыс адамзат баласы үшін өте қырғын майдан болды. Бүгінгі деректерге сүйенсек: бұл соғыста қаза болғандардың 56млн, оның ішінде біздің отандастарымыз 20млн астам құрбан болған дерек бар. Соғыс тек қана қасірет әкелді.
Бізге соғыстың керегі жоқ. Біз бейбітшілікті сүйеміз.
1945 жылдың 9-мамырында бүкіл адамзат аңсаған 1418 күнге созылған соғыс Жеңіспен бітті. Сұрапыл соғыс адамдардың жүрегіне жазылмастай жара салды. Қаншама ошақтың отын өшірді, қаншама орман өртеніп, қаншама қала күлге айналды. Қаншама әйел «қара қағаз» алып жесір атанса, балалар әкелерінен айырылып жетім атанды.
Кеңес адамдары мылтықты да, мылтықсыз да майданда бірдей арпалысып жеңіп шықты. Күйзелген көңілдер, жүдеген жандар Жеңістен жұбаныш тапты. Жеңіске қолымыз жетті. Қандай құдіретті сөз еді бұл. Сол кезде Рейхстагқа туды 22 жасар қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев тікті.
Содан бері 71 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. Ал 9-мамыр күні 1000 зең- біректен бұрын-соңды болмаған 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
ССРО-Германия соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар жайлы терең білдік. Биыл Жеңіске 71 жыл толып отыр. Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз тыныштықта өмір сүрсін. Бүгінде Қазақстанды әлем тануда. Жаңа дүние, жаңа қоғамға бет бұрдық. Елбасымыз Нұрсұлтанның нұрлы жолымен болашаққа нық басайық.
1941-1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Бірақ сол бір естен кетпес жылдар бізден неғұрлым алыстаған сайын Кеңес халқының ғажайып ерлігі соғұрлым ұлы болып көрінеді. Халықтарды езіп-жаншудан өз қанын төгумен аман сақтап қалғандарды адамзат баласы ешқашан ұмытпас. Соғыс жалыны басылғанына 71 жыл өтсе де оның өртінің лебі әлі сезіледі. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Қасіретті жылдар бізден алыстаған сайын қан майданға қатысып қанын төккен аяулы атаәкелеріміздің есімдері тарих төрінде айшықтала түсуде. Олар бізге соншалықты қымбатқа түскен жеңістің қадірін ұғындырады. Миллиондаған адамның өмірімен қолымызға тиген 1945жылғы Жеңіс күні бізге қымбат.
Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін түйсініп жанымыз түршігеді. Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабамыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмастай тарихта қалды. Соғыс ұлы сын мектебі, ерліктің, батырлықтың мектебі болды, соғысқандар үшін ғана емес, соңғы келер буындар үшін де мектеп. Соғыс кезіндегі Кеңес адамдарының сан қилы ерліктері – жас жүректерді шыңдайтын тәрбие мектебі. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батырлардың рухына мәңгілік тағзым етеміз.
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын.
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!