Отбасылық альбомның кейіпкері
Шалхарова Жаннұр
7-сынып, № 9 жалпы орта білім беретін мектеп
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
Жетекшісі: Сыдықова Нағима Юсупқызы

... Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар,
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
..Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар...
С.Мәуленов
Жылыой ауданы, Жаңатаң ауылында тұратын нағашы атамның ауылына барған сайын мен ыстық ықыласқа, шексіз мейірімге бөленіп қайтамын. Әсіресе, ұнататын ермегім- нағашы атам мен әжемнің басынан өткен естелік әңгімелерін тыңдау.Ол кісілер айтып отырған әңгімелерді естіп отырып, бейне бір ертегі тыңдағандай әсерде боламын. Ал анам, балалық шағын еске түсіргісі келе ме, ауылға барған сайын , міндетті түрде отбасылық альбомды қарайды, әрине, онымен бірге біз де отыра қалып альбом ақтарамыз. Сондай бір альбом қарау кезінде мен альбомның алдыңғы жағына ұқыптылықпен жапсырылған ескі фотолардағы екі әйел адамның суретін көрдім де, қасымда отырған әжемнен «Мына кісілер кімдер?» деп сұрадым.Сол кезде әжемнің жүзінде ерекше бір толқыныс пайда болып: «Бұл кісілер-менің әжем мен анам» -,деп жауап берді. Мен: «Олардың аттары кім?Қашан қайтыс болған?»-,деп сұрағымды жалғастырдым.
Әжем фотоларды қолымен аялай сипап:«Әжемнің аты-Ұлбала, мамамның аты-Қанымзия.Ей, арманда кеткен жарықтықтарым-ай...»- деп ауыр күрсініп, көзіне жас алды.Барлық балалар сияқты әжемнің де әжесі мен анасын сағынатынын білетін жасқа жетіп қалсам да, неге сондай бір аяныш, өкініш сезіммен еске алғанын түсінбеген мен көкейімдегі сан сұрақты: «Осы кісілер, өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып бере аласыз ба?» деген бір сұрақпен ғана сыртқа шығардым.Аз үнсіздіктен соң әжем менің қызығушылық танытқаныма риза болғандай, басымнан сипап отырып, төмендегі әңгімені айтып берген болатын:
«Менің әкем, Төлепов Бақтығали, 1908 жылы туған екен.Әкем 1940 жылға дейін Гурьев облысы, Талғайраң ауылында түрлі шаруашылық саласында еңбек еткен.Отбасындағы қарт әкесі мен анасының, апасы Зибаның, жары Қанымзияның жалғыз асыраушысы, тірегі болып, қандай ауыр жұмыстан аянбайтын әкем өз ортасына сыйлы, еңбекқор, салмақты адам болған екен.
1940 жылдары «Байшонас деген жерде мұнай саласына жұмысшылар қажет екен» дегенді естіп, отбасымен сол жерге көшіп келеді. Көшіп келген соң мұнай өндірісіне жұмысқа орналасып, сол салада жұмыста жүрген кезінде 1942 жылдың жаз айында Ұлы Отан соғысына аттанады. Әкем соғысқа кеткенде мен бесікте жатқан алты айлық бала екенмін, мен туған кезде атам, Оразбайұлы Төлеп, «барлық соғысқа кетіп жатқан азаматтардың жолы болсын» деген тілекпен менің атымды Жолдықыз деп қойыпты. Әкем мен анамның менен бұрын төрт баласы болған екен, барлығы кішкентай кездерінде бірінен –соң бірі шетінеп кеткен. Аңсап, сағына күткен баласы болған соң ба, әкем мені ерекше жақсы көріпті. Жылап-сықтап, қимастықпен шығарып салған әкемнен кеткен кездері екі хат келген, екеуі де қысқа жазылған. Бірінші хатында «Қай жер екені белгісіз, бір станцияда тұрмыз.Бір жерге орналасқан соң хабарымды айтармын» деп жазған. Екінші хатында «Барар бағытымыз белгісіз, сірә, соғысқа алып бара жатқан сияқты» делінген.Содан бастап еш хабар болмаған, қара қағаз да келмеген. Әкесі мен анасы, сүйген жары өмір бойы жолына қарап күтуменен қалған ғұмырын өткізген ғой.Мен сол кезде бала болсам да, сол кісілердің баласын сағынып жылағаны, неше түрлі түс көріп, бір-біріне жақсылыққа жорытып, үміттерін үзбей, тілегін тілеп отыратындары есімде қалыпты.Әкемнен келген хаттарды үлкен кісілер көздерінің қарашығындай сақтап жүреді екен, ол кісілер өмірден өткен соң, кейінгі келіндер жоғалтып алған.
Мамамның айтуынша, отбасын асырап отырған әкем соғысқа кеткен соң, үйде қалған жандар қатты қиыншылық көрген. Атам Төлеп сол кезде жасы 70 –тен асқан қарт адам екен, қара жұмысқа жарамсыз болған, дегенмен бар қайратын жиып, әлінің келгенінше азын-аулақ малды жайғап, үйдің сыртқы шаруасын жасайды екен. Атамның алғашқы әйелі қайтыс болған соң алған жары Оразбаева Ұлбала мен он бес жасар әпкем Зиба сол үйдегі жұмысқа жарамды адамдар ретінде колхоздың малын бағып, суын тасып, күн-түн демей қара жұмыста жүріп, табыс тапқан. Ал менің анам Қанымзия қолында жас баласы болуына, бірінен соң бірі шетінеген балаларының қайғысынан денсаулығы кеміс болуына байланысты сыртқы жұмыстарды жасай алмаған, бірақ үйде жұмыстағы енесі мен қайынсіңлісінің жағдайын жасап отырады екен.Сол жылдары киетін жөні түзу киім жоқ, аурушаң анам үйдегі екі ешкінің жүнін түтіп, жіп иіріп дайындап, иірілген жіптен 80-ге жақындаған қарт атам бір инемен жұмысшыларға, үйдегі адамдарға қолғап, шұлық тоқып береді екен. Әкемнің мұнай бұрғылау саласында жүріп соғысқа кеткендігіне байланысты маған ай сайын азғандай ақша шығып тұрған, сол ақша мен әжемнің тапқан шамалы табысын қосып бір үйлі жан жан баққан.
Атамның туысқандарының барлығы Жайық бойында қалған, олармен қатынасуға, көмек сұрауға жағдай болмаған. Әпкем бізге көмектесетін ер-азаматтың болғанын қалап, бір жағы өзінің жүрек қалауыменен ерте күйеуге шығып кеткен.Жездеміз жақсы азамат болып шығып, үнемі біздің үй ішімізге көмектесіп отырғанды. Атам мен әжемнің күндіз-түні тілегені-жалғыз ұлының амандығы болып сағыныштан сарғайып дүниеден өтті.Соғыс аяқталған соң, үкілеген үміттері үзіле бастады ма, кім білсін, туған інісі Досанғалидың ұлынан туған тоғыз жасар Көптілеуді бауырына салып, немересі меніменен қатар аялап өсірді.Көптілеуден, шүкір, қазір біраз ұрпақ бар. Шешем сол кезде жас болса да, екінші рет күйеуге шығуды тіпті ойламаған, өмір бойы «Ертең, құдай қаласа, Бақтығали келгенде...» деп армандап отырады екен. Көптілеуді де аналық мейіріммен тәрбиелеп өсіріп, соның қолында 1986 жылы дүниеден өтті.
Мен әкенің жылуын сезбей өстім, бірақ екі шешем ешкімнен кем қылмай өсірді.Ол уақытта әкесі бар бала аз болатын, сондықтан ешкім «Сенің әкең жоқ» деп кемсіткен жоқ.Тек жаныма бататыны-әкемнің еш белгісіз қалып, ең болмаса бір дерегі шықпағаны.Інім Көптілеу әкем туралы барынша мәлімет іздестіргенімен, еш дерек табылмады.Бар тапқанымыз-«Төлепов Бақтығали Байшонас ауылынан 1942 жылы соғысқа кетті»-деген «Боздақтар» кітабына енген бір ғана жол»»-, деп әжем бір күрсініп әңгімесін аяқтады.Біз ұзақ ойланып отырып отырып қалдық...
Дерек бойынша, соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрған. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанған.Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар екен. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл - қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқандардың саны. Солардың бірі- аты белгісіз болып қалса да, Жеңісті жақындатуға сәл де болса өз үлесін қосқан белгісіз солдат, менің әжемнің әкесі Төлепов Бақтығали. «Біреудің аспандағы асылымын, біреудің жұртта қалған жасығымын...»деп, ақын Қ.Аманжолов айтпақшы, ол-біреуге белгісіз солдат болса, ата –анасы мен асыл жары, қызы үшін зарыға күткен, қол жетпеген аспандағы асылы.
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы, Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл толуы қарсаңында жылдағыдай сол бір сұрапыл соғысқа атсалысқандарды марапаттау, белгісіз жауынгерлерді анықтау, тылда еңбек еткендердің үлесін бағамдау жұмыстары жүргізіледі.Баспасөз беттерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында соғыс және тыл ардагерлері туралы көптеген материалдар жазылады. Мүмкін менің нағашы атам туралы бір дерек шығып қалар деп биыл да іздестіретін боламыз... Ал әзірше менің қолымнан келгені-соғыстың ызғары маңдайына тиіп, жандарын жаралаған, сағыныш пен үміт арқалап өмір сүріп дүниеден өткен осы бір жаны нәзік, рухы мықты жандардың аруақтарына бас ие отырып, осы шығарманы жазу болды. Қазіргі ең басты арманым- әкесі туралы дерек тауып, әжемді бір қуанту...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?