Ұрпақ келешегі

 Ұрпақ келешегі

Аятова Алиша
5 сынып оқушысы, № 51 гимназия Астана қаласы
Жетекшісі: Муратова Индира Жаркынбековна

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дегендей біздің ата-ағаларымыз, апа-әпкелеріміз, біздің өміріміз, бақытты келешегіміз үшін отқа төселіп, қиындыққа төзіп, бізге осында өмір әперді.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Ең алдымен жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды.
Соғыс ! Қандай суық сөз бұл! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат мерт болды, қанша бала әкесісінен, қанша бала анасынан айрылды .Өмірден мән кетіп , сұрықсыз бір дүниеге айналды .
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып , жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге , әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды.
Сол күндері ата бабаларымыз бізге жемістің дәмін татқызу үшін жан аямай шайқасты. Сол жылы аталарымыз, апаларымыз, әпкелеріміз, ағаларымыз біз үшін күреспнгенде біз осылай отырар медік деген ой біздің ойымызға көп келеді. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. Жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза табты. Ұлы отан соғысының 11600 жауынгері Кеңес Одағының жауынгерін алса, оның 497 қазақстандық болған. Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астамержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш білдіріп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отаны үшін жанын қиған қазақ батырлары өте көп. Соның ішінде: пулеметші М.Маметтова , мерген Ә.Молдағұлова, атқыштар С.Баймағанбетов, И.Новиков, қалқан бұзушы П.Миллер, минометші Қ.Спатаев, квалерист М.Қатаев, сапер С.Гончар, торпедалы кеменің камандирі Б.Ущев, атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин, Б.Момышұлы бар. Біз ұлы отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астыңда бірігіп, күштерін біріктірді.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Алғашында Гитлер он үшінші маусым басып кірем деп жоспарлаған, содан кейін кей бір жағдайларға байланысты жиырма екісі деп сайлады.
Халыққа екінші дүние жүзілік соғыс болатынын жариялағанда халық есеңкіреп қалды. Содан кейін барлығы бірігіп жауды жеңді. Сол Ұлы Отан соғысына алпыстан астам ел қатысқан. Қарағанды шахтёрлер 4жыл ішінде 34миллион тоннакөмір шығарды. Бұл өндіріс орнының бүкіл өмір бойы шығарғанына 3миллион тонна артық еді. «Бірі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деген үндемеумен маңдай терін төге, күн демей, түн демей жұмыс істеді.
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
Соғыстың алғашқы кезеңінде кеңес әскері кейін шегініп, Украина, Белоруссия, Ресейдің еуропалық бөлігінің Мәскеуге дейінгі аумағы түгел дерлік жау қолында қалды.
Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Бұл 1941жылдың қараша айы болатын. Мәскеуді жауға беру бүкіл елді жауға берумен тең еді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316-атқыштар дивизиясы қатысты. Генерал-майор И.В.Панфилов басшылық еткен бұл дивизия Мәскеуді немістерден қорғауда асқан ерлік көрсетті. Панфилов ерлікпен қаза тапқаннан кейін дивизия жауынгерлері оның кұрметіне панфиловшылар деп аталды.Осы шайқаста болған жиырма сегіз панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 28 батыр жаудың алғаш 20, одан кейін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза табты.Сол 28 панфиловшылыардың барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Осы Мәскеу үшін шайқастарда белгілі қазақ батыры, аға летенант Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Қазақ халқының қаһарман ұлдары фашисттік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқас жүргізді. Олар жауды астанадан бірнеше шақырымға қуып тастады. Мәскеу үшін шайқаста Мәңілік Ғабдулин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев тағы басқалар жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Ұлы соғыс батырлары
Әлия Нармұханбетқызы Молдағұлова «1925-1944» кейінен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.
1942 жылы өз еркімен соғысқа қатысқан. 1944 жылы Ленинград маңындағы маңындағы елді мекенді азат етуге қатысады. Алдыңғы шепте жүрген Әлия: «Отан үшін алға!»-деп, барлық ауынгерлерді соңынан ертіп, жауға қарсы ұмтылды. Ержүрек мерген кыз жиырмаға толмай жау оғынан көз жұмады. Майдандағы асқан ерлігі үшін Ә.Молдағұловаға Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
Мәншүк Жиенқалиқызы Мәметова «1922-1943» Мәншүк Мәметова- Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулемётті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Невель қаласын қорғаудағы ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қаланың бір көшесі Мәншүк Мәметова есімімен аталады. Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан. Ол- жазушы, Кеңес Одағының батыры. Соғыс аяқталғаннан кейін 1956 жылы әскери демалысқа шыққан.
Ата ағаларымыздың, әпкелеріміздің жасаған ерлігінің бізге деген тәрбиелік мәні, бізді отанымызды сүюге, отанымызды қорғауға, мәңгі ұмытпауға шақырады.Осы Ұлы Отан соғысының болғанына бізге 71жыл толды. Біз бұл мерей тойды жыл сайын атап өтеміз.Сонымен қатар біз сол ағаларымыздың, әпкелеріміздің ерліктерін біз ешқашанда ұмытпаймыз. Ата-бабаларымыздың ерліктері бізді сондай батылдыққа, ержүректікке, отан сүйгіштікке, отанымызды жанымыздан артық жақсы көруге шақырады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!