Жауға қарсы шайқасқан ардагерлер

 Жауға қарсы шайқасқан ардагерлер

Ходжалакова Эльвира
8-сынып, №193 ЖББМ Алматы қаласы
Жетекшісі: Каракенева Людмила Васильевна

1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан, жасалған келісімді бұзып КСРО аумағына басып кірді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып-жоюды бастады. Ал Кеңес адамдарының патриоттық сезімдері бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі біздің жерлесіміз-атақты қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлының батырлығы ешқашан ұмытылмас. Ыстық-суық майданның, оқ пен оттың қақ ортасында қан кешіп, қар жамылып, өліммен күнде бетпе-бет келіп жүрген қазақ қолбасшысының ерлігі, тапқырлығы мен талапшылдығы, жауапкершілік сезімі әрқашан да ел есінде.
Жауға қарсы шайқастарда алдыңғы қатарда жүрген қазақтың екі қызымерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова. Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова:«Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,- деп әскери комитетке өтініш берген. Фашистік баскесерлердің ордалы ұясы- Рейхстагқа шабуыл жасап, Жеңіс Туын тіккендер арасында болған қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев орденмен марапатталды. Жаудың ішінде партизандарды басқарған Қасым Қайсеновтың жасағы дұшпанның көптеген санын жойды. Қ.Қайсенов мемлекетіміздің ең жоғарғы «Халық Қаһарманы» атағымен қоса Алтын Жұлдызбен марапатталды.Мәскеу түбіндегі шайқаста өшпес ерлік көрсеткен қаһарман генерал Панфилов атындағы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы .
Соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, әскери бөлім ретінде өздерін сақтап қалған қазақстандық он тоғыз дивизияға құрметті атақ берілді. Олардың бесеуі бір ордендермен, төртеуі екі , екеуі үш ордендермен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық атақ алды, солардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И.В.Панфилов атындағы әйгілі 8-гвардиялық дивизия да бар. Неміс фашистеріне қарсы соғыста осы дивизия жауынгерлері адамзатта теңдесі жоқ ерлік жасағанын дүниежүзі біледі. В.Г.Клочковтың: «Россия-кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда-Москва»,- деген сөзі бүкіл майданға тарап, ерлігі аңызға айналды. Талғат Бигелдинов пен Сргей Луганский екі мәрте Кеңестер Одағының батыры атанды. Ұшқыш болған бұлар көптеген әуе шабуылына қатысқан.
Қазақстандық партизандар да дұшпан тылындағы қаһармандық күресте өздерінің Отан алдындағы борыштарын адал орындады. Партизандар мен ержүрек азаматтар соғыс кезінде герман армиясына орасан зиян келтірді. Екінші дүниежүзілік соғыста кеңес халқы орны толмас зардап шекті. Жиырма миллион адам ұрыс далаларында, концлагерьлерде қаза тауып, хабарсыз кетті. Солардың ішінде төрт жүз он мың қазақстандық мерт болды. Қазақстандықтар осылай Ұлы Жеңіске өз үлестерін аямай қоса білді. Осы бес жыл ұзаққа созылды. Елдің тыныштығы бұзылды. Адам баласы түнде ұйқысынан, күндіз күлкісінен айырылды. Сол бес жыл ішінде ер жүрек батырларымыз Отаны үшін өмірлерін қиды, немесе мүгедек болды. Қаншама бала әкесінен, қаншама ана баласынан айырылды.
Соғыс әр үйге, әр отбасына жазылмас жара қалдырды. Бұл соғысқа әр ұлт өкілдері қатысты. Оларды біріктірген –жеңіске деген құлшыныс, ел намысы. Тілі бөлек, тілегі бір, ұлты бөлек, жүрегі бір бұлардың әрқайсысы тек Жеңісті ғана аңсады. Осы қиын жылдары Қазақстанға майдан өңірінен басқа ұлт өкілдерін Шығысқа көшіру жүргізілді. Қазақ елі осындай қиын-қыстау уақытта талай ұлт өкілдеріне пана бола білді. Фашизмге қарсы жанпида жойқын соғысқа жұмылған кеңес адамдарының ынтымақ-бірлігі, халықтар достығы Ұлы Жеңіске әкелді Қаншама жылдар өтсе де , Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ешқашан ұмытқан емеспіз, және ұмытпаймыз да. Биыл біз Жеңістің 71-жылдығын атап өтпекпіз. Бұл- біздің ортақ тарихымыз. Осы Ұлы Жеңіске өз үлесін қосқан жерлесіміз Дмитрий Федорович Синецкий туралы да жазғым келеді. Дмитрий Федорович Синецкий 1923 жылы 3 қарашада Орынбор облысы Ново-Покровка ауданына қарасты Бақа ауылында туылыпты. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылыпты.
Осы уақыттан бастап қан майданда бұл кісі 118-ші минометтік полкында разведчик болып, көптеген ұрыстарға қатысқан.Бұл кісі қайырымды, қарапайым, адал адам болыпты. Соғыс жылдарында өзінің батылдығымен ерекше көзге түскен. С.Шестаковтың 1988 жылы жазылған «Голосом войны» кітабында Александр Алымовтың басшылығында болған «Демидовский» полкының арнайы минометчиктер және Д.Ф.Синецкийдің ерлігі туралы айтылған. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының жоғары кеңесі Президиумының нұсқауымен барлық тапсырмаларды үлгілі орындағаны және батырлығы үшін Дмитрий Федорович Синецкий алған марапаттаулар:
1943-ші жылы- Қызыл Жұлдыз Ордені
1943-ші жылы-« Ерлігі үшін» медалі.
1944-ші жылы- III деңгейлі Ордені.
1945-ші жылы- Кенинсбергті алғандағы ерлігі үшін медаль.
1945-ші жылы. Медаль . Ұлы Жеңіс. 1941-1945жж
1945-ші жылы. Мақтау хат. Совет Одағының Маршалы К.Рокоссовскийдың қолынан.
Ұлы Отан соғысынан кейін Дмитрий Федорович Синецкий аман-есен үйге оралып, адал қызмет етіп, еңбек майданында да көптеген жетістіктерге жеткен.
1956 жыл-медаль
1964 жыл-күміс медаль
1964 жыл-медаль
1968 жыл-қола медаль
1970 жылы- Құрмет ордені
Қазақстан Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолынан да алғыс алған Дмитрий Федорович Синецкий 2000 жылы 2 мамыр күні дүниеден өтті. Бұл Ұлы Жеңістің 55-жылдығы еді.
Қазір біз болашағы жарқын, тәуелсіз елде тұрып жатырмыз. Біздің тәуелсіз болып өмір сүріп жатқанымыз – соғысқа қатысқан батырларымыздың арқасы. Отан үшін өмірін құрбан еткен батырларды ешқашан да естен шығармауға тиіспіз. Бұл- біздің басты міндетіміз. Ұлы Отан соғысы біздің тарихымыздағы қасірет ғана емес, ол-теңдесі жоқ ерлік пен бірліктің дәлелі. Жеңіс күні-абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Ерлік, бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Ұлы Жеңіске жеткізді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?