Отан ˗ алтын бесік

 Отан ˗ алтын бесік

Ахмет Анар
10-сынып, №179 жалпы білім беретін мектеп,
Алматы қаласы
Жетекшісі: Сағатбекова Зейнепхан Сағатбекқызы

Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа,
Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа.
Мұхтар Шаханов

Адам баласы өмірге келгеннен бастап, оның Отанға деген сүйіспеншілік сезімі бойында оянады. Анасы жас сәбиге бесік жырын айтып, сәбидің құлағына патриоттық сезімді құяды. Есейгенде еліңді, жеріңді қорғайтын ержүрек бол, ˗ деп ақ тілек тілейді. Ата-бабаларымыз аласапыран, қиын-қыстау, сан ғасырлық сұрапыл оқиғаларда ақ найзаның ұшымен жерін, елін қорғады. «Отан ˗ отбасынан басталады», ˗ деген мақал текке айтылмаған. Патриоттық сезім жанұяда қалыптасады. Адамзаттың бойындағы осы асыл қасиетті сезім оны ерлікке, Отан үшін жанын пида етуге жетелейді. Отанның арқасында әрбір адам баласы тіршілік етіп, дамып, ұрпағын қалдырады. Отан сүйгіштік ˗ кісінің тұла бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық игілігіне жұмсайтын ерекше сезім. Қай елдің адамы болса да, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең аяулысы ˗ Анасына балайды.
М. Әуезов «Отан ˗ анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ», ˗ деген. 1941˗1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес өкіметіне қасірет әкелді. Бес жылға созылған сұм соғыс елдің қабырғасына аяздай батты. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 196 адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды. Бұл деректер сұрапыл соғыстың елге әкелген зардабының дәлелі. Қаншама отбасы қайғы-мұңға батты. Біреу баласынан, біреу жарынан, біреу әкелері мен бауырларынан айрылды. Халық қан жұтты. Ұлы Отан соғысы тылдағы адамдарға да, майдан шебіндегі жауынгерлерге де ауыр соққы болып тиді. Гитлердің әскерлері қалаларды қиратып, талқанын шығарды. Еңкейген кәрі мен еңбектеген жас буынды балалар да майдан үшін күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей еңбек етті. Жауынгерлерге қажетті азық-түлік, оқ-дәрілерді жіберіп отырды. Майдандағы жауынгерлер табиғаттың қатал заңына қарамастан жан аямай соғысты. Олардың мақсаты: жауды жеңіп, Отанын сақтап, жеңіс туын желбірету еді.
Қиян-кескі соғыста Кеңес өкіметінің солдаттары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жанын шүберекке түйіп шайқасты. Халықтар достығы мен бірлігінің арқасында 5 жылға созылған соғыста бастарына түскен қиыншылықты жеңді. Отан үшін от кешкендер соғыс өртін өшірді. Ұлы Отан соғысында кірпік қақпай соғысып, ерлік көрсеткен батырларымыз көп-ақ. Атап айтсам, Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова, М.Мәметова, Р. Қошқарбаев, М.Ғабдуллин, Л. Беда, С. Луганский, Панфиловшылар т.б. Батырларымыздың ерлігі жеңіс туын желбіретті. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі», «Отаның үшін отқа түс кймейсің», ˗ деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр кеудесін отқа тосты. 1945 жылдың 8 майынан бері 71 жыл өтті. Еліміз жеңіс тойын тойлап келеді. 1986 жылы тәуелсіздік үшін желтоқсан оқиғасын да халқымыз бастан кешірді. Қ.Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев сияқты Ерлеріміз өшпес ерлік танытты. Содан бері тәуелсіздікке биыл 25 жыл толады. Ұлы Отан соғысынан кейін халық ауыр қиыншылыққа тап болды. Қираған қалаларды аяғынан тік тұрғызуда қажырлы еңбек сіңірді. Тың жерді игеру, экономиканы, әлеуметтік жағдайды жақсартуда талай тарландар Еңбек Ері атанды. Ұлбала, Кәмшат, Жазылбек, Ыбырай Жақаев т.б. Еңбек Ерлерінің есімдерін тілге тиек ете аламыз. 1991 жылы еліміз Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Қазақстан Республикасы еркіндіктің шуақты нұрына бөленді.
Сүйемін тәуелсіздік шуақ˗нұрын
Даланың шалқарлығын, бұлақ, гүлін.
Қанбайсың жұпарына, сезінесің,
Қазақстан елі ˗ менің қуат күнім, ˗ деп, ақын отты жырында тәуелсіздікті көркем, жарасымды бояулармен кестелейді. Дала төсінде жаңа өмір сәулесін төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампаз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей. Еңбеккерлер маңдай терлерін төгіп, ел экономикасын өркендетіп жатыр. Елбасы ˗ мемлекетті алға сүйреген алтын діңгек. Діңгегі мықты ел ілгері қарай дамиды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қол жеткен табыстары Елбасының еңбегімен, еліміздегі ұлтаралық татулықтың нәтижесі. Біздің Президентіміз «Нұрлы жол» бағдарламасын жасап, экономиканы өркендетті. Жыл сайын Елбасы халыққа «Жолдау» жасайды, Отанды әлемдік деңгейге көтерудің сара жолын белгіледі. Елбасы «Қазақстан-2030 стратегиясын» елге ұсынды. Н.Ә. Назарбаев «Жолдауында» Қазақстан Республикасын қабілетті 30 елдің қатарына қосылуын ерекше атап өтті.
Елбасы елді өркендетудің 100 нақты қадамын белгіледі. Президент «Орта» және «Шағын» бизнесті дамытуға назар аударды. Жаһандық дағдарыстан шығудың нақты жолын айқындады. Елбасы депутаттарды таратып, жаңа құрамды депутаттарды сайлау туралы оңтайлы шешім қабылдады. Сайлау науқанын 20 наурызда өтуді белгіледі. Бұл додаға қолынан іс келетін терең білімді, елді дағдарыстан алып шығатын адамдар кандидаттыққа ұсынылып жатыр. Н.Ә. Назарбаев ғылымды өркендету, әлеуметтік жағдай, тұрғын үй, мектеп, бала-бақшаны дамытуды да назардан тыс қалдырмайды. Астананы дамыту ˗ Елбасының идеясы. Еуразияның жүрегіндегі жаңа шаһар Қазақстанның баянды болашағын айқындайды. Діңгегі мықты елде бейбітшілік мәңгі жасайды. Тәуелсіздік алғалы еліміз бақыт пен шаттыққа кенелді. Қазақстан Республикасы адам танымастай ғажайып өркендеді. Қазақ елінің еңсесі көтерілді. Отанымызда жаңа технологиялар, ғылым-білім, мәдениет, экономика өрістеді. Қазақстан мемлекеті жауқазындай гүлдеді. Адамзат табиғат күштерін меңгеріп, қазба байлықтарының кенін ашты. Ғылымның дамуы таңқаларлық жағдай, қазақ елі космосты игерді. Халқымыз жеңістің 71 жылдық мерекесін ұшан-теңіз жетістікпен қарсы алуда. Елбасы қазақстандықтардың ерен еңбегін, қол жеткен толағай табыстарын бүкіл әлемге паш етті. Отанымыздың қазіргі жетістіктері ˗ болашақ ұрпаққа арналған мұра.
ХХІ ғасырда Қазақстан тұғырлы, байқуатты, бейбіт елге айналды. Бұл қажырлы еңбек пен ерлік істер Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы мен Жеңістің 71 жылдығына сәйкес жасалған игілікті бастама. Мызғымас бірлігімізбен, зор жетістіктерімізбен бүкіл әлемге үлгілі-өнегелі елге айналдық. Дүниежүзі халқы Қазақстанның өркендеуін үлгі тұтты. Әлемді мойындату ˗ ғылымның мөлдір бұлағы, дамылсыз еңбек пен ынтымақтың көрінісі.
Қандай дүние жетеді балауыңа!
Бәрі сенің жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,
Қазақстан гербі де, жалауы да, ˗ деп Жұбан Молдағалиев ақын шабыттана жырлады. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасы ˗ өресі биік, өрісі кең мемлекет. Қазақстанның жапырағы жайқалып, мәуелеп өседі, көк туы аспанда желбірейді. Отан ˗ Ана ˗ тіршіліктің бастауы. Отанымызды көркейту˗ әрбір азаматтың борышы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!