Барлығы Жеңіс үшін!

 Барлығы Жеңіс үшін!

Нүсіпжанова Ажар
11 сынып, №1 мектеп-гимназия Сарқан қ.,
Жетекшісі: Кажиева А.М.

1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы отан соғысы басталды. Таң қылаң бере фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында қалам ұстап отырған оқушылар мен студенттер қаламдарын қаруға ауыстырып, қан майданға аттанды. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың адам қазақстандық шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтарылуы керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі сол беларусь жерінде қалып қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен-ақ жұдырықтай жұмылып, бір адамдай қызмет етті. Республиканың түкпір-түкпірінен әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақ шақырылған.
20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқаста 328-ші, 310шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авияциялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдар әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды. Ал Қазақстан аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орыны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған көрінеді.
Соғыста жеңуге қазақтардың үлесі жоғары деуге негіз бар. Себебі, жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының батыры, 100-ден аса адам «Даңқ» орденінің толықтай иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес одағының батыры атанды. Олар: Т.Бигелдинов, С.Луганский, И.Павлов және Л.Беда. Кеңес Одағы батырларының арасында шығыстың қос шынары- мерген Ә.Молдағұлова мен пулеметші М.Мәметова бар. Жеңіс туын фашистердің биігіне қадаған да қазақ- Р.Қошқарбаев. Жаудың тылында, партизандардың қатарында да қазақ жауынгерлер бар. Солардың бірі- Қ.Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момыщұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Соғыс кезінде тыл еңбекшілерінің қызметі де өте жауапты жұмыс болған. Соғысқа қап-қап астық, ет, киім-кешек жіберіп отырған дәл осы тыл қызметкерлері. Тылда тіпті мектеп жасындағы және оданда кіші балалар көмек көрсетті. Барлығы арып-ашып, қабырғалары қайысса да, «Барлығы майдан үшін! Барлығы Жеңіс үшін!» деп ұрандатып жан аямай еңбек етті. Онымен қоса 10 оқтың тоғызы қазақстанда жасалған деген құнды дерек бар. Яғни осыған қарағада қазақ жерінде тіпті металлургия да дамылдамаған. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды.
Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандар туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндіргені анық. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиған. 1710 қала 70 мыңнан астам село-деревнялар, 31850 кәсіпорындар, 65 мың шақырым теміржол, 4100 теміржол стациясы, 36 мың пощта-телеграф мекемесі, телефон станциясы және басқа да байланыс бекеттері жермен жексен болған немесе жартылай қираған. 40 мыңдай аурухана, 74 мыңдай оқу орындары, 42 мың кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойылып жіберілген кейбіреулері тоналған.
Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 71 жыл бұрын адам баласының қас жауы фашизмді осылай талқандады. КСРО-ның Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанды. Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. 9 мамыр күні Қазақстанның барлық қалаларында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға құрмет көрсетіліп, Жеңіс мерекесі тойланады. Біз бұл күнді мәңгілік тойлаймыз. Себебі, ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі