Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі

  Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі

Берікболқызы Аиша
5 сынып, М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп
Қарасай ауд, Абай ауылы
Жетекшісі: Хожахметова К.Д.

Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырларлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. «Отан үшін отқа түс», «Отан үшін жан пида»,- деп ата-апаларымыз елі, жері үшін болашақ ұрпақ үшін соғысқа аттанды. Міне олардың арман-тілектері, мақсат-мүдделері орындалды. Еліміз Жеңістің 71 жылдығын атап өтпекші. Дегенмен, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Әскерлер соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, төзімділікпен шыдады. Асқан ерлік көрсетті. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Мәскеу шайқасында генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Ленинград үшін шайқаста С.Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза тапты.
И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенанты Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше табандылықпен қаһармандық көрсетті. Б.Момышұлы жауынгерлерін үш рет қоршаудан алып шықты. Бауыржан ерлігі үшін бірнеше орден,медальдармен награтталды. Кеңіс Одағының батыры атағын алды. Ротаны саяси жетекшісі М.Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты. Ерлігі үшін М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Әрқайсысы 200астам ұшу сапарына шығып, оннан астам жау ұшағын жүздеген фашистерді жойған шабуылдаушы ұшқыштар Т.Бегельдинов, Л. Беда, И.Павлов, және С.Луганский – Кеңес Отағы батыры атағына екі мәрте ие болғандар.
Шығыс қыздарының арасынан бұл құрметті, атақты алған 100 қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі М.Маметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені А. Молдағұлованың орны айрықша. «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің»,- дегендей батырларымыздың ерліктері шексіз. Ұлы Отан соғысына қатысқан Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов, Н.Әдіров, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Т.Бегельдинов, Р.Қошқарбаев сияқты есімдер аңызға айналған аталарымызды тарих бетінде батыр деп жазып кетті.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешкашан ұмытпаймыз. Қазіргі қазақ елінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындары, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың есімдерімен талады. Мен М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп оқушысымын. М.Ғабдуллин Кеңес Одағының батыры ғана емес, профессор, жазушы, филология ғылымдарының докторы болған. Мен Мәлік атамды мақтан тұтамын., есімі берілген мектептің намысын көтеру мен үшін үлкен міндет.
Жеңіс күні - адамзаттың аңсап күткен күні. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі