Жеңіс үні

 Жеңіс үні

Алтайбек Айдана
2-сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы
Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы
Жетекшісі: Сансызбаева К.А

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ . Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады . Неге жарты ғасырдан асса да сол сұрапыл соғыс зардаптары халық санасында сақталуда? Иә, соғыста қираған қалалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ . Соғыс кезінде жақын жандарынан айырылмаған жанұя жоқ шығар, сірә ! Сол бір қаралы жылдары 27 млн. кеңес адамы құрбан болғаны әркімге аян .
Жеңіс...
Жеңіс таңы атты бүгін,
Тойладық біз шаттық үнін.
9-мамыр Жеңіс күн деп,
Лүпіл қақты жүректерім.
5 жыл бойы еш аянбай жанын беріп соғысты,
Әр күн үшін адамдардың қабырғасы қайысты.
Мүгедек боп қалды қанша қыршын біздің боздақтар,
Жеңіс үшін тағдырлары талай жолға тоғысты.
Соғыс жалмап, аға, іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.
Қан майданда шығарып сап ардағын,
Қыз – келіншек түсірмепті салмағын.
Көрген жоқпыз өдеріңнің арқаңда,
Сай-сүйектің сырқыраған зардабын .
Әлия, Мәншүк ерліктерін қашанда,
Әрбір адам сақтап жүр ғой жадында.
Елі үшін ерен еңбек жасаған,
«Ғасыр адамы» деп Бауыржанды тануда.
Берлиндегі рейхстагтың үстінде,
Жеңіс туын желбіретті кезінде.
Қаһарман жауынгерлер қанымен,
Тыныш өмір күн кешуде бүгінде.
Қаратүнек фашизмді аямай,
Батырларым жанын берді аянбай.
Жүрейікші қаза тапқан боздақтардың ,
Еңбектерін осы күні бағалай.
Ерліктердің шежіресі ұлағат,
Бүгінгі күн бізге болды мұрағат.
Ей, адамзат теріс жолды таңдамай,
Осы күнге қылайықшы қанағат.
71 жыл толды бүгін Жеңіске,
Тарихымды шығара алмас теріске.
Өжет, қайсар ата-баба рухына,
Тағзым жаса ұрпақтары тегінде.
Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбынды,
Желбіре тулар, толықсып тұрса май гүлі
Қуану керек , қуану керек десек те ...
Ұмыту қиын , ұмыту қиын қайғыны.
Тәуелсіздік таңы атты бүгінде,
Жеңіс туы желбіреші көгімде.
Ата-баба бір өзіңе мың алғыс,
Есімдерің сақталады төрімде.
Қуанышқа толып жатыр кеудеміз,
Болашаққа зор үмітпен келеміз.
Жаратушы Алла өзің сақтай көр,
Жақсылықтан үзілмесін еліміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?