Мақтанышым сен едің

 Мақтанышым сен едің

Сақимолда Ақмаржан
8«А» сынып, Қ.Жұбанов атындағы орта мектебі
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Жетекшісі: Есеркенова Айжан Құрманәліқызы

1941 жылдың тамылжыған маусым айының 22 жұлдызында шырт ұйқыда жатқан елді дүріс еткен мылтықтың ащы дауысы оятты. Бұл 1939 жылы екі ел арасында мәліме болған Риббентроп-Молотов келісімін шорт кесілген белгісі еді. Қалың ел соғысқа еш қамсыз жатқан дәрменсіз халде. Қазақтың қаракөз қыз- жігіттеріне рухани күш берген ақын-жазушы, сазгерлердің қаламында сап түзеді. Ең алдымен еліне, Отан деген махаббатын Жамбылдың жауға қарсы қарымды қаламынан туған "Ленинградтық өренім" өлеңі өмірдегі қиындыққа төтеп беретін бірден - бір рухани дем болды. Қайратын қайраған, жігерін жасытпаған туындыда: Лениншградтық өренім
Мақтанышым сен едің... деп басталады. Тарихи деректерге сүйенсек, 1941 жылдың 24 маусымында В.Лебедев-Кумачтың "Известия" және "Красная звезда" газеттерінде ("Свещенная война") "Қасиетті соғыс" өлеңі жария етілді. Соғыстың төртінші күндерінде өлең мәтініне ән жазылады. А.Александров осы өлеңге ән жазды. Бірақ оның сөзі мен нотасын жазуға жариялауға уақыт болмағандықтан, ол жаңа туындыны бормен тақтаға жазып шығады. Әншілер мен музыкаттар өз қойын дәптерлерінен көшіріп алады. 26 маусым күні Мәскеудегі Белорус вокзалында бұл әнді әлі майданға аттанып үлгермеген КСРО-ның Қызыл Тулы қызыл әскері орындайды.Бұл ән ерексіз сені еліктіріп, жеңіске деген үмітке жетелейді. Сол күндерден бастап, «Қасиетті соғыс» деп аталған ән жеңістің әнұранына айналды. 19421943жылдар аралығында майденгерге жеңіске деген сенімін жігерлендіру мақсатында қазақстандық концерттік биригада құрылды. Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова (1925-1944жылдары) рухына арнап көше аты да берілді, ескерткіш те қойылды, өлең де жазылды. Ал қаһарман қызға жасалған тағзымдардың ішіндегі ең ерекшесі Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні еді. «Әлия» әні дүниеге 1975 жылы келген екен. Көзі тірісінде сазгер былай деген екен: «Ән ойымда біраз жүрді. Күрделі әуен жадымды баурай жөнелді. Басында ыңылдап қана жүрдім. Бірде Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағын қолыма алып, аша бергенім мұң екен, көзіме ақынның Әлия Молдағұловаға арналған өлең жолдары түсті. Жадымда жүрген әуенге салып едім, құйып қойғандай дәл келді. Бұл ән арнау емес, бұл ән - жоқтау. Балғын қыздың ерлігін ұлықтау, ел жадында қалдыру үшін осындай ән қажет-ақ». Соғыс жылдарын көзімен көрген, көкірегіне түйген Сырбай Мәуленовтың "Соғыстан қайтқан солдаттар" әнінің шығу тарихы да осы сұрапыл соғыстан жеңіспен оралған сарбаздардың өмірін суреттейді.
Жаутандаған кең даланың сағынышы, хабарсыз ұлын тосып жүрген ана махаббаты, аждаһар болып жұтқан асыл ер азаматтарының ошақтары сөніп қалған, қаралы қағаз, сәбидің арманы, тосып тұрған сағыныш сәттерін жүректі елжіретіп, еріксіз жанарға жас алдырады Тағы да соғыс ажал құштырған, сүйгенін айырған Мұқағали Мақатевтың "Қайран жеңгем" әні.. Өлең қаншалықты мағынасы ауыр, сағынышты, қаралы сәттерді бейнелесе, соншалықты жеңістің жігерлендіріп, рухты қайрап кеудені нық етеді.Бұдан басқа Әсет Бейсеуовтің «Соғыстың соңғы әні», Ә.Еспаевтың «Батальон»,Е.Рахмадеиевтің «Жеңіс жыры» сынды әндер баршылық. Бүгінгі таңда соғыс туралы әндер Қазақ радиосының алтын қорында ғана сақталған. «Алтын қорда» 11 мыңға жуық ән бар. Алайда бұл әндердің шығу тарихы батырлық, ерлікті суреттеп ғана қоймай, тарихта орны толмайтын, ұмтылмайтын, ұмытуға болмайтын сәттерді айғақтайды. Соғыс жайлы әндер жетерлік бірақ ол қалай шықты, не себепті жазылды деген кез-келген ұрпақтың көкейінде тұру міндет. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. Жеңіске жетелеп, миллиондаған бақытсыз пенделер қатарында әлдеқайда біз бақытты ұрпақпыз. Соғыстың қиындығы мен азабын көрмеген балалармыз. Десек те, жеңіске жетелеген әндер тарихын білуде парыз, оны жадымыз сақтау аманат.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі