Ұлы жеңіске ғажап күшпен жеттік

 Ұлы жеңіске ғажап күшпен жеттік

Ищанова Гүлмайра
10-сынып, Қобда гимназиясы,
Ақтөбе обл., Қобда ауд.
Жетекшісі: Муканова Шарипа Кулинтаевна

Қазақ елі! Жасыл ел! Мәңгілік ел! Ұлы жол! Нұрлы жол! Болашаққа бастар жол! Қадірі мен қасиетіне бас иер даму жолына қол жеткізуге ұлт ұрпағы оңай келген жоқ.
Біз ұлы отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Барлығы жеңіс үшін күресті. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетіп, газетжурнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.
Иә, содан бері 71 жыл өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Сол кезде соғыс адамға не істетпеді десеңізші?! Соғыс туралы хабар қазақ халқына тарай салысымен, Қазақстанның ұл-қыздары соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдарында өз борыштарын өтеп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстан еңбекшілері тылда «Бәрі де жеңіс үшін!» деген үндеумен маңдай терлерін төге, күн-түн демей жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты. Жауынгерлер қыс-жаз демей соғысты. Фашистер аштықтан, суықтан қалжыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. 1944 жылы ғана жау қоршауды бұзып, фашист әскерлері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310-314 атқыштар дивизиялары Ленинград үшін болған шайқаста басынан аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Әлия Молдағұлова м ен Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың ерліктері тарихқа өшпестей із қалдырды.
Сонымен қатар кеудесімен жау пулеметін жауып, Отан үшін жанын қиған Сұлтан Баймағанбетов сияқты батырларымыздың ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес. Әлия Молдағұлова Қобда ауданының атағын мәртебелі еткен батыр. Ол халықты: «Отан үшін алға!» - деп рухтандырып, жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан, қыстаққа бәрінен бұрын кіріп, бірнеше жаудың көзін жояды. Әлия батыр қызымыз соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып, мергендігімен аты шықты. Ержүрек, мерген қыз 20-ға да толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды. Аянышты жағдай... 2015 жылы Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойы респубикалық деңгейде ұйымдастырылып, туған жері Қобда ауылында ерекше тойланды. Бұл соғысты тарихтан оқып отырып, көзіңе еріксіз жас келеді. Себебі қаншама қанды төгістер, қыстыгүні аппақ қардың қып-қызыл қанға боялуы жан-дүниеңді егілтеді.
Дегенмен, 1945 жылы Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам - опасыз, оңбаған адам» - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізде мақтаныш ұялтады. Қариялар, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл асып азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн- Жеңіс күні!
Жеңіс күні жасасын,
Туымың мәңгі қалықтасын!
Ата-баба қасиеті
Өшпесін қалған іздері!
Бүгінде 2016 жылы Ұлы Отан соғысына 71 жыл толғалы отыр. Біз, қазір бақытты ғұмыр кешудеміз. Қазақстан күннен-күнге өркендеп, дамыған мемлекеттердің құрамына қосылуда. Ақтөбе облысы, Қобда ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңіспен оралған соғыс ардагерлері жетерлік. Олардың саны аз болса да, біз сол батырларымызбен мақтанамыз. Олардың соғыс майданындағы қанды төгістер көз алдарынан кетпейді деп ойлаймын. Оларға да қиын ғой. Кім болмасын, кішкене ғана қиыншылықты басынан кешсе, өмірі ұмытылмайды. Дегенмен, бүгінгі күнге жеткендеріне, өмірлеріне олар дән риза. Біз 9 мамырда Ұлы Отан соғысының жеңісін жыл сайын мақтанышпен тойлаймыз. Ол – заңдылық!
Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма еш байлықты тең көрмеймін. Әрбір қазақ тәуелсіз және тәуелсіз елдің патриоты. Жеңіс күні жаңғырсын! Жеңістің 71 жылдығы жасасын! Тәуелсіздік жасасын! Міңгілік Ел жасасын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді