Шуағы тарқамасын жер үстінің

 Шуағы тарқамасын жер үстінің

Жанғазықызы Жансая
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
№1 Қазақ ОМ 10 сынып оқушысы
Жетекшісі: Көбенова Эльмира Қалиқызы

«Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс өткен екен. Өте бір жан түршігерлік сандар. 4 млрд адам қаза тапқан. 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс.110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген.
Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді сарыла халқымыз атандай 4 жыл күтті емес пе? От жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп-қатерге толы болғанынқолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су орнына қан кешіп, жаумен бетпе –бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...
Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.
Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.
Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті.
Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыз рухына бас иеміз. Әрине соғысты, оның қорытындыларын бағалауда әр ұрпақтың өз көқарасы болуы мүмкін. Уақыттың тарихи-саяси оқиғаларды бағалауға, саралауға өз таңбасын салуы – табиғи құбылыс. Бірақ олар түбегейлі, принципті мәселеде өзгермеуі керек. Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды.
Ұлы Жеңіс әкелген құндылықтар туралы айтқанда ойға ең алдымен сол бір қантөгіс, жиһангерлік соғыстан аман қайтқан ағаларымыз бен апаларымыздың соғыстан кейінгі қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған адамгершілік, тәрбиелік, отансүйгіштік, жас ұрпаққа қамқорлық, әділеттілік пен тазалықтық қорғаушысы болған ерекше миссиясы туралы айту парыз. Иә, майдангерлер қай салада да үлгі болды.
Ұлттық академияның академиктері атанды. Соғыстың от-майданында жүріп «алты малтаны ас етіп», «толарсақтан қан кеше жүріп», елге жеңімпаз ретінде оралған олар соғыстың ерлік рухын, адам бойындағы бар қасиетке сын болған алапат қиыншылықта өзінің азаматтық арына дақ түсірмей, тіпті дәлірек айтсақ қазақ ұлты ұландарының ерлігі мен мәрттігі, жанкештілігі мен төзімділігі туралы бүгінгі ұрпаққа жеткізген кешегі өткен Бауыржан Момышұлы мен Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев бастаған жазушылар мен ақындардың шығармашылық ерлігін, бүгінгі ортамыздағы қайырымдылық пен әділдіктің, патриоттықтың жыршысы мен күзетшісіндей Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұзафар Әлімбаев, Қалмұқан Исабаев және басқаларды айту парыз.
Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді.
Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай атабабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз.
Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер — бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек.
Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін түйсініп жанымыз түршігеді. Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабамыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмастай тарихта жазылды. Соғыс ұлы сын мектебі, ерліктің, батырлықтың мектебі болды, соғысқандар үшін емес, соңғы келер буындар үшін де мектеп. Қан майданның төрінде жаумен жанын қиған батыр ата-ажелеріміздің рухына бас ие мәңгілік тағзым етеміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі