Ұлы Отан соғысына 75 жыл
Акимова Айгерім
Жетекшісі: Жұбанышева Қанзада Шотбайқызы

Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Мұқағали Мақатаев
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.
Соғыс деген қайдан шықты?!
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам есі кетіп, отан несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Ия, бұл жырларды қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев жазып кеткен болатын. Мінеки, биыл Ұлы Отан соғысына 75 жыл. Елді қан қақсатып, зарлатып өткен 5 жыл бар адамзаттың тарихына үлкен орны толмас қасірет әкелді.
Сонымен, 1941 жылдың 22-маусымында Германия өзара шабуыл жасаспау келісімін бұзып, тұтқиылдан кеңестер одағына соғыс бастады. Европаны жайпап келе жатқан гитлерлік фашизмге қарсы көпұлтты совет халқы жұмған жұдырықтай, тас түйін күйде Отан қорғауға кірісті. Бүкіл Кеңестер Одағында төтенше жағдай орнады. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Ұлы Отан соғысының сұрапыл ауыртпалығын бастан өткерген біздің елдің ұраны «Ешкім ұмыт қалмайды, ештеңе ұмытылмайды» деу болатын. Дүниежүзін дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдар аралығындағы сұм соғыстың зардабы қазақ жерін айналып өткен жоқ. Әрбір төртінші қазақстандық майданға атттанып, неміс фашистерімен жан аямай айқасты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жұдырықтай жұмылып, сүбелі жетістіктерге қол жеткізді.
Соғыс деген немене өзі?
Тек қана апат, қырғын ба?
Арман-тілек, ақыл ойды апаратын құрдымға?
Соғыс деген – аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген – төккен ары, ұлдың және қыздың да - деген өлең жолдарынан ақ соғыстың ауыр кесапат болғаны көрініп тұр. Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлстері бар еді.
Солардың бірі де бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Өзінің болаттай қатты мінезімен табандылығымен, айбындылығымен «Отан үшін отқа түс күймейсің» деп өз батальонын, жауынгерлерді алға сүйреп «Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді, Қорқақққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет» деген сөздерімен жігерлендіріп жеңіске жеткізді. Бауыржан атамыздың жеткен жетістіктері баршаға мәлім. Және де артында көптеген өсиеттері қалды. Солардың бірінде былай дейді: «Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы ұрпақ! Әр әке: «балам бақытты болсын екен, үрім-бұтағым үзілмесе екен, өшпесе екен» деп тілейді. Бір ғасырда бір Наполеон, екі жүз жылда есуас Гитлер тумай қоймас. Ондай жауыздардан елді, жерді сақтап қалу – сенің борышың алғы ұрпақ. Ей, жүзжылдан кейінгі, мың жылдың ар-жағындағы үрім-бұтақ, жұрағат, жас ұрпақ! Естисің бе менің үнімді, жете ме саған менің дауысым?!Жетсе, бүгінгі баламыздан бастап, көпұлтты отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екіауыз сөзім бар, ол «Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер деген сөз. Ол халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар деген сөз». Әрине, Бауыржан атамыздың бұл өсиеті нағыз патриоттық сөздері мәңгі есте тұруы қажет. «Отанды сүю отбасыдан» демекші жанұямызды қадірлеп, қорғап пана бола білуіміз қажет. Одан кейін жан аямай Отан үшін деп қасық қанын қалғанша айқаса білуге тиіспіз.
Халық ақыны Н.Байғанин шығармаларының басты тақырыбы майданға көмекті күшейту, жауынгерлердің рухын көтеріп, олардың бойында ел алдындағы борышты өтеу сезімін тәрбиелеу болды. Ақын жауға деген ызакегін:
Өлер күнің таянды
Халық түгел ашынған,
Алар сенен қанға-қан
Алар сенен жанға-жан
Жоқ боларсың, бітесің,
Адам жауы-сұр жылан, - деп білдіреді. Осындай сұрапыл жылдары бір қолына қару, бір қолына қалам ұстаған өршіл рухты, сыршыл батырымыз, жан дүниесі шымырлатқан шерге толы ақынымыз Қасым Аманжолов болды. Буырқанған була күшке, екпінді еркелікке толы, шиыршық атып, бұлқына ойнап тұрған айбынды, қайраты, тепсініп темір үзердей ішкі қуаты сапырылыса, шайқала шапшыған ақын өлеңдерінде Отанға деген шексіз махаббатын керемет суреттейді. Ақынның осындай отты, өршіл шығармаларының бірі - «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы. Басқыншы зұлым жауға ең соңғы оғы қалғанша берілмей соғысып, ажалмен бетпе-бет тұрған, ерлікпен қаза тапқан жауынгер ақын Абдолланың ерлігін, батырлығын суреттейтін бұл шығарма керемет ұлтжандылықпен, ерекше айбындылықпен жазылған. Қасиет-күші ұлы Отанның, Қанатын бер қыран құстың! Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың! - деген поэма үзіндісі «ата жаумен арпалысқан ұланды ұлы ететін, жаужүрек батыр ететін - оның Отанына деген махаббаты» дегенді дәлелдейді. Шынымен де, елін, жерін тебірене сүйген адам ғана батырға айналады! Махаббат пен ашынудан серпіліп тұрған сұрапыл жігер-қайратты өр кеудесіне сыйғызған жас батырға арналған поэма - ақынның қасқырдай анталаған жауға қарсы ашынуы, айбары, дос туралы жан азасы еді...
Көңілге көп тоқыған
Кәрі-құртан ашынды.
Қара қағаз оқудан
Сауатымыз ашылды, - деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай, Ұлы Отан соғысы, ондағы Жеңіс талай адамдардың тағдырын күрт өзгертті, талай жанның өмірін үзді.
9 мамыр – фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні. Бұл күні аналар мен жесірлердің жүрегі осыдан 75 жыл бұрынғыдай сыздайды. Бұл күні жеңімпаздардың, олардың балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы - тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды тактикасының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?