Александр Пупенко
Көкпардан Қазақстан құрамасының ойыншысы, Азия ойындарының, әлем чемпионатының чемпионы Александр Пупенконы білетіндер аз.
Ол Астана қаласының маңындағы Үшхоз ауылында дүниеге келген. Бала кезінен жылқыға жаны құмар Александр ауылдағы «Құлагер» ат спорт клубына барып, атпен шабуды үйреніп, 9 жасында көпшілік алдына шығып, өнер көрсете бастайды. Ал 14 жасында көкпармен кәсіби түрде шұғылданады. 16 жасқа келгенде Астана сапына алынып, жарыстарға шыққан. Қазақстанның жастар чемпионатында Пупенконың командасы қола жүлдеге қол жеткізеді. Бір жыл өткен соң, астаналық өрендер күміс алса, тіпті бір жылды араға салып, чемпион атанған. Ал Александр Пупенко 44 салым салып, үздік сұрмерген болды.
– 18 жасымда ересектер командасына ауысып, тіпті Қазақстан құрамасының сапына алындым. Ондағы барлық жігіттер қазақ, әрі тек қазақша сөйлескендіктен басында кәдімгідей кедергілерге тап болдым. Бірақ, көкпардың арқасында қазақ тілін меңгеріп алдым. Қазір ешқандай проблема жоқ, – дейді спортшы.
Александр Пупенко Қазақстан құрамасының сапында Азия чемпионатын жеңіп алса, 2017 жылы Астанада өткен ең алғашқы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты және ең үздік шабуылшы номинациясына ие болды.
Александр Маңғыстау облысындағы "Адай-Ата" командасының жастарын жаттықтырып, өзін бапкерлік қырынан да танытты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?