Эмир Байғазин

 Эмир Байғазин

Эмир Байғазин - кинорежиссер, сценарист, продюсер, актер

Кино өнерінің даму жолы, болашағы, адамзат баласына тигізер пайдасы мен тарихи маңыздылығы жайында көптеген ғылыми жұмыстар жазылып, айтылған пікірлер мен ақпараттар аз емес. Бүгін біз осы киноны жасаушы Ақтөбе облысының тумасы Эмир Байғазин туралы айтсақ дейміз. Ол еліміздің атын шетелде танытып, нағыз авторлық киноны дамытуға үлес қосып жатқан тек азамат. 2013 жылдың ақпанында «Үндестік сабақтары» дебюттық толықметражды картинасымен Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып «Үндестік сабақтары» фильмі 63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін "Күміс аю" жүлдесіне ие болды.

Эмир Кенжеғазыұлы Байғазин 1984 жылдың 19 шілдесінде Ақтөбе облысындағы Тамды ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Ақтөбе облысындағы Т.Ахтанов атындағы облыстық театрда актерлық мектебінде, 2004 жылы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Режиссура және кино» мамандығы бойынша білім алады. Ал 2007 жылы қыркүйекте Пусандағы Азия Киноакадемиясы кинофестивалінің (AFA) стипендианты, 2008 жылдың ақпанында Германиядағы 58-інші Берлин халықаралық фестивалі аясындағы Берлин жас таланттар лагерінің қатысушысы атанды. Өнер жолында «Дидар» студенттік кинофестивалінің «Веселые и обиженные» жұмысы үшін "Үздік режиссура жүлдесін" иеленген. «Шәкен жұлдыздары» (2007) студенттік кинофестивалі мен «Дебошир» (Санкт-Петербург, 2007) фестивалінің қатысушысы.

Оның 2013 жыл жарыққа шыққан «Үндестік сабақтары» дебюттық толықметражды картинасы Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады. Сөйтіп фестивальде Эмир Байғазин Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон сындылармен бәсекеге түсіп жеңіске жетеді. «Үндестік сабақтары» фильмі − қазақ киносы тарихындағы осындай үлкен жетістікке жеткен алғашқы туынды. Фильмнің түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше күннен кейін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында өткен Халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, бас жүлдені жеңіп алды. Көп ұзамай, "Берлинале Әлемдік Кино Қоры" тағайындаған жүлдеге қол жеткізді. Жалпы, бұл фильм – аталмыш Қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба. "Уроки гармонии" жобасы 2011 жылы VII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі шеңберінде өткізілген "Қазақстандық киножобалар нарығында" үздік атанып, "Қазақфильм" киностудиясының қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына кең мүмкіндік алған еді. Сөйтіп, «Қазақфильмнің» үкілеген үміті ақталып, фильм әлемдік байқауда оқ бойы озып шыққан. Жеңімпаз фильм болашақта әлемдік кинопрокатқа да шығарылмақ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?