Ерлан Көкеев Амантайұлы (1971 жылы 21 мамыр)

 Ерлан Көкеев Амантайұлы (1971 жылы 21 мамыр)

Ерлан Амантайұлы Көкеев 1971 жылы 21 мамырда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Көкеев Амантай Мұқашұлы, апат учаскесінің шебері. Анасы - Мұқашева Гүлсім Мұқашқызы, үй шаруасымен айналысады
Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін домбыра және хорға дирижерлік ету классы бөлімшесін (1991); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбыра классы бойынша бітірген (2000), халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, концерттік қызметті ұйымдастырушы.
1990 жылдан - «Дос-Муқасан» тобының солисі. 1993- 1995жылдары - Алматы мемлекеттік циркінде конферансье. 1994 жылдан - Алматы қаласындағы М. Құсайыновтың «Әуен» студиясында аранжирлеуші, дыбыс режиссері. 1996 жылдан - «АБК» тобының солисі. 2000 жылдан бері - «К-7» ВИА продюсері, музыкалық жетекшісі және солисі.
«Ангелы страсти» рок-спектаклін қоюға қатысқан, «Ретро шлягер» мәдени-сауық орталығын құру жобасының авторы, алғашқы электрдомбыраны жасау идеясының авторы. «Ботақаным» қоғамдық балалар қайырымдылық қорының құрылтайшысы (2002).
«Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1994). Қазақстан Жастар одағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1998).
ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (2007).
Үйленген. Жұбайы - Көкеева Анар Бүркітбайқызы, «Ретро шлягер» дискоклубының бас директоры. Қыздары - Әйгерім (1996 ж. т.), Рената (2000 ж. т.), Сәтті (2006 ж. т.)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?