Нұртілеу Иманғалиев Иманғалиұлы (1952 жылы)

 Нұртілеу Иманғалиев Иманғалиұлы (1952 жылы)

Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы, Қалиасқар, бес жасында сауатын ашқан. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы».
Білімі
1977 жылы ҚазМУ-ді бітірген
Қызметтік өтілі
Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. Коррупцияға қ күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. Н.Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 35 жылын телевизияға арнаған.
Жүргізген хабарлары
Алғашқы хабарының бірі «Жадыңда ма, жолдас?!». Содан бері талайдың санасын қозғаған, саяси-әлеуметтік салмағымен, әсіресе шыншылдығымен телекөрерменнің есінде сақталған бағдарламалары:
«Жас жігер»
«Көзқарас»
«Алтыбақан»
«Айна»
«Заң мен заман»
«Ақиқат пен аңыз»
«Дидар»
«Жастар дауысы»
«Арай»
«Көкпар»
«Ой-көкпар»
«Бетпе-бет»
«Дін мен діл»
«Арнайы репортаж»
«Діңгек»
«Қолтаңба» т.б.
Марапаттары
2001 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасының иегері;
Қазақстан журналисттер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты;
«Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері;
Қазақ ұлттық өнер академиясының Құрметті профессоры;
«Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері;
«Қазақстан ақпарат саласының үздігі» атағы;
2010 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл» мерекелік медалі;
«Хабар агенттігіне 20 жыл» мерекелік төсбелгі;
Ақсу ауданының құрметті азаматы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!