Аида Боранбай (1990 жылы 24 қыркүйек)

 Аида Боранбай (1990 жылы 24 қыркүйек)

Аида Боранбай 31 арна тележүргізушісі 1990 жылы 24 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 9 сыныптан кейін лингвистикалық колледжін тәмамдаған соң, журналистикаға қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрады.
Еңбек жолы.
Телеарна табалдырығын алғаш рет он алты жасында аттаған. «Таң» телеарнасындағы «Сәлем» ойын-сауық бағдарламасына жүргізушілікке іріктеу жүріп жатқанын естіп, қатысып, бағы жанып, іріктеуден өтіп кетеді. Бұл телеарнада екі жыл қызмет атқарып, одан кейін «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы таңертеңгілік ақпаратты-сазды «Таңшолпан» бағдарламасына да іріктеу арқылы өтіп, жарты жыл жұмыс істейді. Ал, 31 арнада төрт жылдан астам жұмыс істеуде.
Тележүргізуші болу жолында... «Бала кезімнен өте пысық, белсенді болып өстім. Мектеп кезінен билеп, сахнаға шығып жүретінмін. «Еларна» телеарнасындағы «Ұзынқұлақ» бағдарламасына өлең оқып қатысқаным есімде. Телевизия әлеміне деген қызығушылығым сол кезден басталды. Жалпы журналистикаға, телевизия әлеміне мені өмірдің өзі жетелеп алып келді. Көпшілік «Сенің телеарналарда таныстарың бар ма?» деп сұрайды. Ешқашан жұмысқа таныс арқылы келген емеспін, барлығына іріктеу арқылы өтіп жүрдім. Сол үшін Аллаға сансыз шүкіршіліктер айтамын».
Тележүргізуші арқалаған жүк.
«Басында тікелей эфир тұрмақ, журналистиканың не екенін білмейтінмін, қатты қиналдым, қателіктер жібередім. Білмеген тұстарымды тәжірибелі мамандар үйретті. Тікелей эфирде жауапкершілігің он есе арта түседі. Таңғы төртте тұрып жұмысқа бара жатқанымда ата-анам: «Қызым, қазір сенің ұйықтайтын кезің, жұмысты қоя тұр» деп жандары ашитын. Бір қызығы, мен осы уақытқа дейін тек тікелей эфирде жұмыс істеп келіппін. Тікелей эфирдің үйретері көп, бір жіберген қателегіңді мүмкіндігінше екінші рет қайталамауға тырысасың. Жаңалықтарды жүргізуді сеніп тапсырғанда «Қолымнан келе ме, келмей ме?» деген қорқыныштан алғашқы эфирде аяғымның қатты дірілдегені әлі есімде. Халыққа жаңалықтарды жеткізу оңай емес. Аузыңнан шыққан әр сөзге үлкен жауапкершілікпен қарауың керек. Сол себепті журналистиканың майын тамызып жүрген аға-әпкелерімізден әлде де көп нәрсені үйреніп, өзімді әрі қарай шыңдағым келеді. Алғаш эфирге шығуға қорқып тұрғанымда да «Ең бастысы талап болса, барлығы қолыңнан келеді» деп мені демеп, ақылдарын айтудан жалыққан емес. Жалпы, журналистік жолымда өз білгендерін үйретіп, қол ұшын созудан жалықпаған жақсы адамдар көп кездесіп жатты. Бүгінде азды-көпті табыстарға жетіп жатсам, сол кісілердің еңбегі деп білемін». Отбасы, қызығушылығы. Аиданың айтуынша, ол мансап қуған нәзікжандылардың қатарынан емес. Қазіргі уақытта бірінші орында жұмысы болғанымен, болашақта таңдау жасау қажеттігі туса, отбасын таңдайтынын айтады. "Ал бүгінгі күні жүрегінің кілтін тапқан азаматты әлі кездестірген жоқпын", – дейді ол.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?