Гүлшат Тұтова Әбсаттарқызы

 Гүлшат Тұтова Әбсаттарқызы

Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы - актриса.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген.
1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: А.Сүлейменовтің «Кегінде» әйел (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Көрші әйел (реж. Б.Омаров), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, қоңыр мұңында!» Әйгерім, Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанында» Бибіш (реж. Қ.Сүгірбеков), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан (реж. Т.әл-Тарази), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Күләй, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағдат (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Зина, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Жеңгей, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Қарлығаш (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Назгүл (реж. Ә.Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ағира (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қамқа (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: К.Аширдің «Қабыл – Адам Ата перзентінде» Цеда (реж. К.Ашир), К.Гоццидің «Турандот ханшайымында» Адельма (режиссері Т. әл-Тарази) Б.Брехттің «Тоғышардың тойында» Әпке, Чеховтың «Шағаласында» Маша (реж. Б.Атабаев), Т.Муродтың «Ат жылаған түнінде» Қымбат (реж. О.Салимов), В.Смеховтың «Әлі баба және қырық қарақшы» мюзиклында Зейнаб (реж. Т.Аралбай), Е.Уахитовтың «Құдаларында» Шапағат (реж. Ә.Рахимов), Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Анар (реж. О. Кенебаев), Ғ.Есімнің «Таңсұлу»спектаклінде Бегім рөлін т.б. сахналады.
Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі-2007», «Театр көктемі-2011», "Театр көктемі –2016" фестивальдерінің жүлдегері.
Кинорольдері:
«Біржан сал» – Әпіш (реж. Д.Жолжақсынов, 2008), «Сүйінші» Жеңгей (реж. М.Бидосов, 2006), «Әкем екеуміз» Әйел (реж. Д.Саламат, 2007), «Несиеге махаббат» Ана (реж. С.Әбдіхалықов, 2010), сондай-ақ режиссер Е.Рақышевтің «Жетімдер» – Сандуғаш (2008), «Мәңгі өмір сүргің келсе» – Бастық әйел (2009), «Астанаға көктем кеш келеді» – Бригадир (2009), «Үмітіңді үзбе» – Қарындасы (2011) және «Тұрар Рысқұлов» деректі фильміне Үрбішай (2012) рольдерін орындады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?