Илья Ильин Александрович (24 мамыр 1988 жылы)

 Илья Ильин Александрович (24 мамыр 1988 жылы)

Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы . Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
Биографиясы
Отбасы

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Ильяның әйелі – Наталья Ильина. Ол 2005 жылы онымен танысып, 2012 жылы той жасап, үйленді. Оның қызы – Милана Ильина. Әкесі – Александр Ильин. Анасы – Галина Ильина. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.
Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.
Спорт
Илья Ильин

Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.
Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген
Әлем чемпионаты (2005)
2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Rank Аты-жөні Туған күні Мемлекет Өз салмағы Топ Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды
1 Илья Ильин 24.05.1988 Қазақстан 84.65 A 170 216 386.0
2 Ионг Лю 01.01.1986 Қытай 84.35 A 175 210 385.0
3 Асламбек Едиев 04.01.1970 Ресей 84.73 A 170 211 381.0
4 Олег Перепеченов 06.09.1975 Ресей 82.57 A 175 205 380.0
5 Андрей Рыбаков 04.03.1982 Беларусь 84.70 B 185 195 380.0
6 Айджун Иан 07.04.1977 Қытай 84.28 A 173 205 378.0
7 Вячеслав Ерошов 07.12.1980 Қазақстан 82.67 A 175 200 375.0
8 Тигран Мартиросян 03.03.1983 Армения 84.07 A 172 202 374.0
9 Валерию Галанчеа 18.11.1980 Румыния 84.50 A 165 207 372.0
10 Карол Горчешевский 06.11.1983 Польша 84.99 B 165 200 365.0
11 Хосе Оливер Руиз 18.09.1974 Колумбия 83.88 B 155 200 355.0
12 Хектор Баллестерос 18.10.1981 Колумбия 83.55 B 157 195 352.0
13 Ондрей Кутлик 09.09.1976 Словакия 84.98 B 155 195 350.0......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!