Бақтияр Қожа (5 қаңтар, 1957 жылы)

 Бақтияр Қожа  (5 қаңтар, 1957 жылы)

Бақтияр Қожа (5 қаңтар, 1957 жылы Ташкентте туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1993 жылдан). Құрмет орденінің иегері (2003).
Өмірбаяны
Бақтияр Қожа 1957 жылы 5 қаңтарда Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында дүниеге келген.
1980 жылы театр студиясын бітірген соң, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына қабылданды.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Ойнаған рөлдері
У.Шекспирдің “Гамлетінде” Гамлетті (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), «Ромео мен Джульеттасында» Лоренцо (реж. О.Салимов), А.Чеховтың “Шағаласында” Тригорин (реж. Б.Атабаев), Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Өсіпбай, М.Задорновтың “Күйеуіңізді сатыңызшысында” Андрей Васильевич (реж.О.Кенебаев), Ғ.Мүсіреповтің “Махаббат дастанында” Қарабай, Б.Мұқаидың «Өмірзаясында» Зұлқарнай (реж. Қ.Сүгірбеков), Ы.Сапарбайдың “Сыған серенадасында” Абзал (Е.Обаев, Т.Аралбай), Шахимарденнің “Томирисінде” Ардашир (реж. Т.әл-Тарази), Т.Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Қыдырәлі, С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Сайлау (реж. Ә.Рахимов) және тағы да басқа рөлдерді сомдаған актер
2013 жылы түсірілген "Жедел Жәрдем" телехикаясында Ермек Ильясов атты дәрігердің рөлін сомдайды.
Марапаттары
2003 жылы «Құрмет» орденінің иегері
2009 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
2016 жылы ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл медалі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!