Ерлік – ел мұраты

 Ерлік – ел мұраты

Асанқызы Жазира
10-сынып, Мариновка қазақ орта мектебі Атбасар ауданы Ақмола облысы
Жетекшісі: Тонтакаева Қаламқас Қайркенқызы

Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?!
Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?!
Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірә да?!
Мұхтар Әуезов


... Соғыс деген, сойқандардың қолындағы найзасы,
Қолданады, долданады, таусылғанда айласы.
Соғыс деген, соғыс деген – зұлымдықтың айнасы,
Біреулердің шығыны да, біреулердің пайдасы, - деп қарғыс атқыр соғысқа сипаттама бере отырып , оның жағымсыз әрекеттерін жырлаған поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаев «соғыс» сөзінің толық мағынасын ашты. Аталарымыз бен апаларымыз осындай алапат сойқанда рухын жүдетпеуге бекініп бар күшін жұмсады. Аталарымыздың ерлік рухы грек ертегісіндегі Прометейді есіме түсіреді. Адам баласына жақсылық жасауын ізгілік іс деп ұғынған, сол жолда алған бетінен қайтпаған әкелеріміз бен аналарымыздың әр күні теңдесі жоқ ерлікке толы еді. Олар от пен оққа қарсы тұрды, жеңіске жететін жолын тапты. Қара нар өлерінде боздап өледі, дегендей әкелеріміз бен аналарымыз ұрпағын жаңа ғасырға жетелеуде шыдамдылық пен қайсарлығын өнеге ете білді. Өнегелі өмірін үлгі етерлік Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік – жігер танытқан қос қарлығаш біздің мәңгілік жүрегімізде сақталады. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов атамыз болса, аты аталмай ,ерлігі жазылмай қалған қаншама боздақтар, десеңізші.
Жерлестеріміздің жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Бұны мақтанышпен айтуға тұрарлық ерлік деп есептеймін. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді.
Аштық, сұрапыл қуғын, сүргін, соғыс өртінің болат шыңжырлы құрсауын бұзып шыққан батырларымыздың есімдерін келер ұрпақ тарихына алтын әріппен жазса да артық емес. Себебі біз, болашақ ұрпақ, бабаларымыздың ерлігін біліп, естіп, көріп өсуіміз керек деп ойлаймын. Сонда ғана ұрпақтар сабақтастығы болып, мемлекетті көркейте аламыз. Отты жылдардың өшпес даңқы қаншама уақыт өтсе де ұмытылған жоқ. Қанқұйлы басқыншылардың бейбіт жатқан елімізге тигізген ауыр зардаптары есепсіз. Бұл ─ қаһарлы қара күнді бастан кешкен майдангер жауынгерлер мен тыл еңбеккерлердің бойындағы бүкіл күш қуатты сарқып жеткен Ұлы мереке. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығымыз шексіз .Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Иә, соғыс кезінде қаншама жастар қыршыннан қиылды. Олар Отан үшін жанын пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйген қыздары, үлкен-үлкен армандары бар еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын да құрбан етті. Жап-жас болса да Отанын қорғап жатып жан тапсырды. Бұл – шынында да нағыз ерлік болатын. Сұрапылдарға қарсы тұрып елін сақтаған, намысын ту еткен азаматтарымыздың құдірет күші бүгінгі бізге аңыз , қалай мақтасақ та, мақтансақ та тұрарлық. Бауыржан Момышұлының жеке бастың ерлігі неден бастау алатынына ой тастасақ....
Мен істеді дегенше,
Мың істеді десеңші,
Мың істеді дегенше,
Ер істеді десеңші,
Ер істеді дегенше
Ел істеді десеңші... - деген сөздері еріксіз есіме оралады. Бұл жерде жалғыздың шаңы шықпайды демекші, бірліктің арқасында нәсілі мен дініне қарамай Отанын азат етуге жұмылған ұлт өкілдерінің қайсысын алсақ та батырға лайық.
Әлемді дүр сілкіндірген 1941жылда басталған оқиға Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Биыл Жеңістің 71 жылдығы.Қазақстандық құрамалардың жауынгерлік жолы 1941 жылғы қаһарлы шақта Мәскеу түбінен басталып, 1945 жылғы көктемде Берлинде аяқталды. Бұл Жеңісті ұзақ күтті. Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздер жер бетіне жеңіс туын тіктік. Бұл күнді аңсап мыңдаған, жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды. Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.
Бұл күн - талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн .
Бұл күн - Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.
Бұл күн - Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні .
Бұл күн - осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.
Бұл күн - үйіне, отбасына, ата - анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні.
Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтардың аспандайтын күні.
Бұл күн – әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.
Бұл күн – бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.
Халқымыздың басы бүтін, қара шаңырағы тыныштықта болса, біз де өз үлесімізді қоссақ . Бұдан үлкен бақыт бар ма? Себебі қазіргі кезде жан-жақта , көршілес елдер арасында да дау-жанжал, тартыс та жоқ емес. Бірақ біздің еліміздің халқы бірлік пен ынтымақтың арқасында бейбіт өмір сүріп отырмыз, лайым алдағы уақытта да осылай боларына сенемін. Елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақынжарандарына, туған жеріне, ауылына оралғаны, оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіріп отырғанымызға биыл «аттай» 71 жыл. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, аты мүлде аталмай қалған белгісіз солдаттардың, бүгінде азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, ерлік істеріне тағзым етемін.
Сұм соғыс қайтіп болмасын,
Бәйшешектер солмасын.
Еліміз бейбіт күн кешіп,
Бір Алла өзі қолдасын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?