Есмұхан Обаев Несіпбайұлы (1941 жылы 23 маусым)

 Есмұхан Обаев Несіпбайұлы (1941 жылы 23 маусым)

Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында туған) — актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975). "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты. Барыс, Парасат ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.
Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 1960 - 1964 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік бітірген.
Еңбек жолы
1965 - 1967 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы - режиссері болып, «Жаяу Мұса» (З.Ақышев), «Боран» (Т.Ахтанов), «Көзілдірік» (Б.Майлин) қойылымдарында режиссерлік қабілетін танытты. Жас режиссер шеберлігін шыңдай түсу үшін Қазақстанның Мәдениет министрлігі Коллегия алқасының шешімімен Мәскеудегі М.Горький атындағы академиялық театрына (МХАТ) екі жылдық жоғарғы курсқа жіберілді.
1968 1970 жылдары МХАТ-та КСРО халық артисттері М.Н.Кедров пен И.М.Раевскийден дәріс алып, олардың "Ревизор" (Н.Гоголь), "Сүйікті алдамшы" (А.Тур) қойылымдарына көмекші-режиссер болды;
1970 - 1972 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қоюшы - режиссер болып, Б. Майлиннің «Шұға», С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат», «Қашқар қызы», «Ботагөз», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Ә.Әлімжановтің «Махамбеттің жебесі», Қ.Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек», т.б. пьесаларды қойды.
1972 - 1992 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драмалық театрының көркемдік жеткшісі болды. Бұл жиырма жыл - Батыс, орыс, қазақ классиктерімен қатар, бүгінгі күн драматургтерінің пьесса сахнаға шығарған айрықша кезеңі болды.
1992 - 1995 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болды. Бұл басшылық қызыметінде жүріп, оқу орнының тәуелсіздік талаптарына сәйкес қайта жаңғыртуына үлкен үлесін қосты.
1995 - 2001 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің бірінші орынбасары, ҚР Мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары лауазымды қызыметтерін атқарып, кәсібіи Қазақ өнерінің өркендеп, өсуіне үлкен үлесін қосты.
Германия, Үндістанда, Кореяда, Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда және тағы басқа алыс-жақын шетелдерде өткен қазақ өнері мен мәдениетінің күндерінің көркемдік жетекшісі болды;
2001 - 2013 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік - жетекшісі.
2013 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директорының кеңесшісі лауазымды қызыметін абыраймен атқарып келеді.
Кәсіби шығармашышылығы
Н. Гогольдің «Үйлену», «Ревизор», М. Горькийдің «Шыңырау түбінде», У. Шекспирдің «Асауға – тұсау», Ғ. Фаизидің «Башмағым», С. Құдаштың «Құдаша», У. Гаджибековтің «Аршын мал алан», О. Иоселианидің «Арбаң аман болсын», ұлттық классикадан М. Әуезовтің «Абай», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Дос – Бедел дос», Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Ақан сері-Ақтоқты», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» пьесаларын, Е. Рахмадиев, Ғ.Мүсіреповтің «Қайран, Майрасын», сондай-ақ, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов, Қ. Мұхамеджанов, Ә. Тарази, С. Жүнісовтердің драмалық шығармаларымен қатар, драматургияға 1975-1990жж. келген жас буын өкілдері О. Бөкеевтің «Құлыным менің», «Зымырайды поездар», Д. Исабековтің «Әпке», «Перизат», Т. Нұрмағамбетовтің «Ескі үймен қоштасу», Н. Оразалиннің «Тас киіктер», Р. Сейсенбаевтың «Өзіңді ізде», «Қазбектің оралуы», «Түнгі диалог», Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер», «Қош бол, ертегім!» пьесаларының тұңғыш қойылымдарын сәтті жүзеге асырып, рухани айналымға түсірді.
Ұзақ жылғы режиссерлік қызыметінде Абайдың 150 жылдығы, Жамбылдың 150 жылдығы, М.Әуезовтың 100 жылдығы және Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдық мерйтойларында ұлттық мерекелік қойылым топтарын басқарып, шығармашылық ізденістерін жоғарғы дәрежеде екеінін тағыда дәледеді. Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера балет театрында, облыстық көптеген қазақ және орыс, сондай-ақ, Орта азия театрларында 100-ден аса өзінің қойылымдарын қойды.
Марапаттары
Шығармашылық зор жетістіктері, кәсіби ұлттық өнерді дамытуға сіңірген еңбектері бағаланып:
1975 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағы
1988 жылы ҚазақКСРнің халық артисі құрметті атақтары мен марапатталған.
1993 жылы "Өнертану ғылымының профессоры" ғылым атағы;
2004 жылы Театр өнеріне қосқан зор үлесі үшін "Бас Платинды Тарлан" сыйлығының иегері атанды.
2007 жылы «Парасат» Орденінің иегері атанды.
2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 20 жыл" мемлекеттік мерекелік медальі;
2014 жылы ҚР тұңғыш президентінің жарлығымен ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» иегері атанды;
2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мемлекеттік мерекелік медальі берілді.
2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендиясының иегері.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі