Кененбай Қожабеков Молданұлы (1928 - 1988)

 Кененбай Қожабеков Молданұлы (1928 - 1988)

Кененбай Молданұлы Қожабеков (3 ақпан 1928, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы — 3 қараша 1988, Алматы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисті (1972).
Өмірбаяны
Алматы театр училищесін бітірген (1950).
1950—1961 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті.
1958 жылдан бері "Қазақфильм" киностудиясының актері.
1960 жылдың 10 қаңтарында Балалар мен жасөспірімдер театрынан шығып келе жатқан кезінде Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жантөрин үшеуіне көше басбұзарлары шабуыл жасап, жұлынына әлденеше жерден пышақ салып, омыртқасын зақымдайды. Осы бір қарғыс атқан күнді актердің өзі «құлап түскен күнім» деген екен.
Театрлық және кинематографиялық рөлдері
Қожабеков Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында мына рөлдерде басты кейіпкер болып ойнаған: Алдар, Ғани (Ш. Хұсайынов, «Алдар Көсе», «Біздің Ғани»), Доброходов (М. Ақынжанов, «Ыбырай Алтынсарин»), Шагабутдинов (Д. А. Фурманов, «Бүліншілік»), т.б.
Кинодағы алғашқы жұмысы — «Аласталған Алитет» фильміндегі (1950) Айенің рөлі. Ол сонымен қатар «Жамбыл» (1952, Нәдір), «Қыз-жігіт» (1955, Айдар), «Бұл Шұғылада болған еді» (1955, Бақытжан), «Мазасыз көктем» (1956, Атабаев), «Менің атым Қожа» (1963, Әмірқұл), «Қыз Жібек» (1970, Сырлыбай), «Қан мен тер» (1978, Алдаберген), «Жаушы» (1980, Манай), «Қасқырдың апаны» (1984, Бабахан), т.б. фильмдерде ойнап, кейіпкерлерінің жан дүниесін ашуда психологиялық тереңдікке, образдылыққа жетті, типтік жинақтау үлгісін көрсетті.
Фильмографиясы
1949 - Аласталған Алитет - Айе
1952 - Жамбыл - Нәдір
1955 - Қыз-жігіт - Айдар
1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Бақытжан
1956 - Мазасыз көктемде - Хаваш Атабаев
1957 - Арал балықшылары - Ерназар Қалымбетов
1958 - Біз Жетісуданбыз - Нартай
1959 - Бір түні - Кемел Кәрімбаев
1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Имаш
1963 - Менің атым Қожа - Рахманов
1966 - Қилы кезеңде - эпизод
1969-1970 - Қыз Жібек - Сырлыбай хан
1971 - Менің ағам - эпизод
1972 - Арман асуы - Тайырдың әкесі
1972 - Құлагер - Батыраш
1974 - Эй, ковбойлар - эпизод
1975 - Махаббат туралы аңыз - эпизод
1975 - Гауһартас - Қауен
1976 - Медеудегі кездесулер - спорт администраторы
1977 - Кездеспей кеткен бір бейне - эпизод
1978 - Қан мен тер - Алдаберген
1979 - Даладағы қуғын - эпизод
1979 - Қала қалқаны - эпизод
1980 - Суыт жортқан жаушылар - Манай
1980 - Ебелек - эпизод
1981 - Ақырғы аманат - Досмұхамбетбай
1982 - Қауын - Ақтұмар станциясының басшысы
1983 - Қасқырдың апаны - Мұса Шәріпов
1985 - Біздікілерді біліп қой - эпизод
1986 - Түрксіб - Қарасұңқар
1989 - Сұлтан Бейбарыс - Салех сұлтан
Марапаттары
«Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі