Гүлмира Дайрабаева Тынышбекқызы (1972 жылы 10 қараша)

 Гүлмира Дайрабаева Тынышбекқызы (1972 жылы 10 қараша)

Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева (1972 жылы 10 қарашада Алматыда туған) — қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының Үздігі.
Білімі
1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген
1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтті.
Еңбек өтілі
Еңбек жолын 1990 жылы «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші болып бастаған
1990-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Таңшолпан» бағдарламасында жүргізуші, коммерциялық бөлім қызметкері
1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтіп, ФРАНЦ-3 мемлекеттік арнасында, музыкалық HIT MASHINE хабарының жүргізушісі
1997-2000 жылдары НТК телеарнасының қазақ тілді бағдарламалар бөлімінде бас редактордың орынбасары, «Женский тележурнал» бағдарламасының жүргізушісі
2000-2001 жылдары «Хабар» арнасындағы «Время Народного банка» бағдарламасының жүргізуші, редакторы
2002 жылы «Орт-Казахстан» телеарнасының деректі жобалар жетекшісі, «Наследие» бағдарламасының жүргізушісі
2002-2005 жылдары «Хабар» арнасында редактор, тележүргізуші, арнайы жобалардың жүргізушісі
2005 жылдан «Қазақстан» ҰТА-да еңбек етеді
2012 жылдың ақпан айынан «Қазақстан» ҰТА-да «Таңғы бағдарламалар» бірлестігінің жетекшісі.
Марапаттары
Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының Үздігі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі