Гүлфайрус Ысмайылова Мәнсүрқызы (1923 ж. - 2013ж.)

 Гүлфайрус Ысмайылова Мәнсүрқызы (1923 ж. - 2013ж.)

Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15 желтоқсан 1923, Алматы — 12 мамыр 2013, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002).
Өмірбаяны
Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды.
1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.
1947-1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды.
1956-57 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.
1971—1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші.
2013 жылы Алматыда қайтыс болды.
Шығармашылығы
Күләш Байсейітова Жібек рөлінде. Суретші Г. Исмайлова. 1962 жыл
Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің "Ер Тарғыны", 1967; Мұхамеджановтың "Жұмбақ қызы", 1972; Пуччинидің "Чио-Чио-Саны", 1972), балет (Тілендиев, Манаев жөне Степановтың "Достық жолымен" және Великановтың "Қамар сұлуы", 1958), спектакль (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуы", 1958) және кинофильмдерге ("Қыз Жібек", 1969-71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — "Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде" (1962), "ұйғыр қыздары" (1966) картиналарының, "Халық шеберлері" триптихының (1967), Ш.Б. Жиенқұлова (1958), Ш.И. Жандарбекова (1960-1961), Б.А. Төлегенова (1963-1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы.
Ойнаған рольдері
1950 жылдан киноға түскен:
Тыгрена ("Аласталған Алитет")
Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957)
Тана ("Қыз Жібек", 1972) т.б.
Марапаттары
1958 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
1965 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді;
1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Леннің туғанына 100 жыл» медалі;
1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;
1987 жылы Қазақ КСРнің халық суретшісі құрметті атағы берілді;
КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;
1999 жылы президенттің жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды;
2002 жылы «Платинды Тарлан» премиясының лауреаты атанды;
2009 жылы елбасының жарлығымен Қазақ өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты 1 дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!