Айнұр Тұрсынбаева: отбасы, қызы, айтыс, бет күтімі, мотивация, психология, биографиясы

Айнұр Тұрсынбаева: отбасы, қызы, айтыс, бет күтімі, мотивация, психология, биографиясы

 Айнұр Тұрсынбаеваның балалық шағы

Айнұр Тұрсынбаева 1977 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты ауылдардың бірі) дүниеге келген. 1994 жылы қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы 10 жылдық мектепті бітірген. Ақын қазақстандық БАҚ-қа берген сұқбатында балалық шағында қиындық көргенін айтады.
"Мектепте оқып жүрген кезімде жағдайы төмен отбасыларға берілетін киіммен өстім. Ол кездері мемлекет киім беретін. Сабақта отырасың, сосын "қандай киімге мұқтажсың?" деген сауалға жазбаша жауап бересің. Мысалы, менің қыстық пальтом немесе қысқа киетін етігім жоқ деген сияқты. Кейін оны алып келеді де, бүкіл кластың көзінше беретін. Үстелдің үстіне әкеліп қояды. Сол кезде жағдайы жоқ отбасыларға мемлекет көрсететін жақсылығы ғой. Мемлекет жыл сайын киім беріп тұратын. Сондай киіммен өстік. Бұл менде "түк жоқ болды" деген сөз ғой", - дейді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұқбатында.
Сонымен қатар Айнұр Тұрсынбаева сұқбаттарының бірінде студент жылдары біраз қиындықпен бетпе-келгенін де атап өтті.
"Студент болдық, жатақханада тұрдық. Қарнымыз ашқан көздер өте көп болды. Троллейбусқа ақша таппаған кездер болды. Енді бұл барлық студенттің басында болған жағдай ғой. Ақшадан қатты қысылып жүресің. Бірақ ертеңінде "Айнұр осындай жерге барып, арнау айтып кет. Осындай жерде айтысасың" деп адамдар телефон соғады. Сосын баратынмын. Қант та, нан да жоқ, "ертең не жеймін" деген уайыммен ұйықтаған кездер болды", - дейді Айнұр Тұрсынбаева өмірдегі қиын жағдайларды есіне алып.

Айнұр Тұрсынбаеваның отбасы


Тұрмыс құрған. Бір ұл, бір қызы бар.
Ашық дереккөздегі мәліметке сәйкес, күйеуі – Жамбыл өңірінде басшылық қызмет атқарған, 2002-2008 жылдары сенат депутаты болған, ҚР таэквондо федерациясының құрметті президенті Шамсат Исабеков.
"Жолдасым отбасымыздың көпшілік талқысына түскеніне өте қарсы. Мен жар таңдауда жолым болған адаммын. Өнерде де, өмірде де тиянақты, материалдық қолдау көрсетеді, менің ғана емес отбасымыздың тірегіне Алла қуат берсе екен деп амандығын тілеп отырамын. Алла барша қыз-келіншектерге әйел бақытын нәсіп етсін", - деді айтыскер kazaitys.kz порталының оқырмандарына.

Тұрсынбаева айтысқа қалай келді


Айнұр Тұрсынбаева айтыс өнерінде алғаш рет 1991 жылы Қайрат Рысқұлбековке арналған облысаралық ақындар сайысында көзге түсті. Кейін Төле бидің 330 жылдық мерейтойында екінші орынды жеңіп алды. 1994 жылы Семейде өткен қазақтың ұлы ақыны Абайға арналған мектеп оқушыларының айтысында бас жүлдені иеленді. Ал Абайдың 150 жылдық мерейтойында өткен республикалық ақындар айтысында жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Сондай-ақ, ол Жамбылдың туғанына 150 жыл толуына арналған ақындардың республикалық айтысында 2-орынды иеленді.
Айнұр Тұрсынбаева ойын асықпай, жұмсақ қоңыр үнімен тыңдаушының көкірегіне сәуле құярлық етіп, толғантып-тебірентіп жеткізуімен ерекшеленеді.

Айнұр Тұрсынбаева: отбасы, қызы, айтыс, бет күтімі, мотивация, психология, биографиясы

Айнұр айтыста қанша көлік ұтты


Сонымен қатар ол қазақстандық журналистерге берген сұқбатында айтыста қанша көлік ұтып алғанын да айтып берді.
"Айтыстан 34 машина көлік ұттым. Оны қарсыласыма сыйлаған кездер болды. Көлікті сатқан кездер өте көп болды. Әңгіменің ашығына келгенде, ақша жинауға салақпын. Қолыма бүгін ақша түссе шаша саламын. Бірақ талай ақшадан қысылған кездер болды", - деді Тұрсынбаева The Эфир бағдарламасына берген сұқбатында.

Тұрақты жұмыс істеп көрген жоқпын
Айтыскер әлі күнге дейін тұрақты жұмыс істеп көрмегенін айтады.
"Жасым 40-қа келіп қалды, мен әлі көп жерде тұрақты жұмыс жасаған жоқпын. Айтысты менің кәсібім екен деп ойлайтындар бар. Алайда айтыс менің өмірім, айтыссыз өмір сүре алмаймын. Айтыскер ақындардың барлығын өз отбасым сияқты қабылдаймын. Басты күнкөрісім – айтыс. Домбыраммен күн көремін деп айту керек шығар", - деді ол сұқбаттарының бірінде.


Психология

"Арам ойым болған жоқ"


Айнұр Тұрсынбаева психологияны зерттеп, өзінің жанын түсінгенін айтады.
"Депрессияға түсіп, ішкі көңіл-күйің құлазып, жаның пана таппай кеткен кезде адам бірдеңені іздейді ғой. "Неге маған осылай болды? Неге, неге" деген сұрақтарға жауап іздей жүріп, мен психологияға кіріп кеттім. Бұл жерден менің ең бірінші ұтқаным - мен барлық жағдайға өзімнің кінәлі екенімді түсіндім. Осыдан соң, өмірім өзгеріп сала берді. Жақсы көңіл-күймен жүріп, жақсы адамдарға тап бола бастадым. Бұл – қоспасы жоқ әңгіме", - дейді ол.
Айтыскер ақын мінезінің кемшін тұстарына қатысты сауалға да жауап берді.
"Бұрын маған кемшілігімді көп адам айтатын. Мен бұрқ ете қалам да, әңгіменің байыбына бармай, басқа нәрсені айтып жіберемін. Ол адам ренжіп қалатын. Өмірімде сондай жағдай өте көп болды. Бірақ арам ойым болған жоқ. Айта саласың, ал ол адам ренжіп қалатын. Артынан кешірім сұрайсың. Алайда менің айтқан сөздерім, оның көңілінде қалып қоятын. Психологиядан соң, осыған қатты мән бере бастадым", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.


Өлеңнің мәтіні

Айнұр Тұрсынбаеваның жаңа табыс көзі

Соңғы жылдары айтыскер ақын жаңа табыс көзін тапқанға ұқсайды. Ол адамдар үшін әлеуметтік желіде психологиялық тренинг өткізетін болды.
"Мен онлайн тренинг жүргізген кезде 2-4 мың адамға дейін көрген кездер болды. Бірақ мен Айнұр болмасам, халықтың сүйікті қызы болмасам, маған ешкім келмес еді. Сондықтан несібем маған айтыс арқылы келді. Ал халықтың маған деген махаббаты "ақша, байлық, бақыт" түрінде келіп жатыр", - дейді Тұрсынбаева Túngi studio бағдарламасына берген сұқбатында.[/quote]
[quote] Айнұр Тұрсынбаева табысы, 34 көлігі және психология жайлы.
Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"


 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. ZHARAR
    ZHARAR 02.05.2020 18:50
    0 + 0 -
    Мотивация! Айнұр Тұрсынбаева Елшін Жанеркеге өзіңіз авторлық қыз ұзату әнін сыйлады...
  2. ZHARAR
    ZHARAR 01.05.2020 11:45
    0 + 0 -
    Айнур Турсынбаева [Топжарған бағдарламасында]
  3. ZHARAR
    ZHARAR 01.05.2020 11:43
    1 + 0 -
    Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның үйіндегі ауызашар Бүгінгі ауызашар Асыл арна