Тұрсынбек Қабатов (1979 жылы 10 қазан)

 Тұрсынбек Қабатов (1979 жылы 10 қазан)

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Ол — ешбір өнер мектебін бітірмесе де, тәңір берген талант пен тынымсыз еңбектің арқасында халық ықыласына бөленген жан.
Тұрсынбек Қабатовтың отбасы
Отбасында алты ағайынды, оның үшеуі — ұл, үшеуі — қыз. Тұрсынбек үйдің екіншісі. Ағасы Мырзабек бүгінде өзімен бірге жүріп, барлық жұмысына атсалысады. Оны әзілкештің директоры деп те айтуға болады. Өзінен кейінгі қарындасы Зәмзагүл алматылық азаматқа тұрмысқа шығып, бүгінде осы жерде тұрып жатыр. Бұдан кейінгі қарындастары Баршагүл мен Еркем Орал қаласына өздерінің отбасыларымен қоныстанған. Кенже інісі Мейрамбек те үйленген. Анасы дәл қазір осы інісінің қолында. Балалары аналарын атымен "Типа" деп атайды. Шын есімі Талиға.
Әзілкештің есімін батыр бабасына ұқсасын деген ниетпен нағашылары қойған. Жұбайының аты — Мөлдір, балалары — Әдемі, Айым, Айару мен Нұриман.
Шопан болып, қойларға концерт берген жылдар
Ол Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетті тәмамдаған. Бірақ, мектептен кейін бірден оқуға түспей, ауылда шопан болады. Кейін еңбек жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында бастайды.
2001 жылы Көңілді тапқырлар клубында ойнайды. Сондай-ақ, университет қабырғасында жүріп "Аграрка сарбаздары", "Астана.кз", "Казахи" сынды командаларда өнер көрсетеді.
Қабатов алғашқы концертін қойларға бергенін айтып жиі әзілдейді. Сондай-ақ, далада ән айтып жүрген жігітті ешкімнің сынамайтыны өзіне ұнайтынын жасырмайды. 2000 жылы Астанаға бара алмаса, Оралда жүріп әртіс боламын деп шешім қабылдайды. Осы арманмен ауылдан Оралға жол тартады.
Мәдениет жылында өнерпаздарға арналған кастинг өтіп, Тұрсынбек те құрдастарымен бірге бақ сынап көреді. Қолында дипломының жоқтығы мен орыс тілін білмеуі айтарлықтай кедергі келтіреді деп ойлайды. Кастингке бір күн қалғанда әзілкеш түнімен Маяковский мен Қадыр Мырза Әлінің орыс тіліндегі өлеңдерін оқып, оларды жаттай бастайды. Ертесінде кастингте алғаш қойған әзілі Мырзабаев деген студент туралы болады. Бір қызығы, Қабатов сол сәтте әзіл айтамын деп ойламаған. Бұл әзілді де сол кезде сахнада тұрып ойлап тапқан. Бүгінде өз әзілдерінің 80%-і импровизация арқылы жасалатынын айтып жүр.
Осылайша ол Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармонияға алғаш рет жұмысқа тұрады. Кейін Астана қаласында өткен "Дала дарындары" атты фестивальге қатысып, бірінші орын жеңіп алады. Әзілкеш осы кезде Астанада өткізген үш күнде аяғының тоңып жүргенін жымия отырып еске алады. Қалың аяқ киім алуға ақшасы жетпеген екен.
Кейін араға бір ай салып Астана мәдениет басқармасынан концертте өнер көрсетуге шақырту алады. Турист қонақүйінде жатып, төртінші күні елбасының алдында концерт береді. Осы концерттен кейін не істерін білмеген Қабатов бір айға жуық уақыт қонақүйде жатады. Ақырында мәдениет басқармасына барып өзінің көптен бері сол жерге жұмысқа алынғанын біледі. Мұны өзіне ешкім ескертпеген екен.
Араға екі жыл салып Төлеген Мұхамеджанов оған Еуразия университетінің жанынан үш бөлмелі пәтер берілетінін хабарлайды. Бірақ, ол айлық пәтер ақысы қымбат болар деген оймен бұл пәтерден бас тартады. Ақырында 2001 жылы айтылған пәтерді 2010 жылы бірақ алады. Оның кілтін қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов табыстайды.
Тұрсынбек өзіне қарамай қойған Мөлдірді қалай алып қашты?
Сүйіктісімен аграрлық университеттің қабырғасында жүріп танысады. Мөлдір сол жерде домбыра үйірмесіне қатысатын болған. Бастапқы екі ай қазіргі жұбайы қарамай қояды. Кейін екеуі 8 ай қыз-жігіт болып жүріп, сүйіктісі 3-курста оқып жүрген шағында алып қашады. Мөлдір Мұқанова бұл кезде 20 жаста......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!