Мұқасан Шахзадаев Досмұратұлы (1972 жылы 1 қаңтар)

 Мұқасан Шахзадаев Досмұратұлы (1972 жылы 1 қаңтар)

Мұқасан Досмұратұлы Шахзадаев (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).

Мұқасан Досмұратұлы 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойыл ауылында дүниеге келген.
Әкесі - Досмұрат Шахзадаев.
1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген.
1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін бітірген.
1990 жылдан "Нұр - Мұқасан" дуэтін құрып, сол топта осы уақытқа дейін өнер көрсетіп келеді.
1993 - 1999 жылдары Бауыржан Ибрагимовтің ашқан "Бауыржан - шоу әзіл-сқақ театры"ның әрітісі болды.

Шығармашылығы
Мұқасан Шахзадаев пен Нұрлан Қоынсбаев бірігіп құрған "Нұр-Мұқасан" дуэті 1990 жылдан бастап халыққа кеңінін таныла бастады.
«Нұр-Мұқасан» дуэті «Құдаша қыз», «Сезімді қайтем», «Қос қарлығаш» хит әндерімен 90 жылдардағы көрермендердің жүрегін жаулап алды.
"Нұр-Мұқасан" дуэтінің репертуарында: М. Мақатаевтың "Бақытыңды жырлайды", И.Сапарбайдың "Махаббат деген....", А.Санаевтың "Не пайда", Е.Серікбаевтың "Неткен өмір", "Қос қарлығаш", "Бір ғасыр", "Не пайда?", "Іздедім", "Туған жер" , "Бақанас", "Алматымның сұлулары", "Бір ғасыр" және т.б көптеген әндері бар.

Марапаттары
1996 жылы "Бауыржан - шоу әзіл-сқақ театры"ның құрамында жүріп Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.
2002 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.
2015 жылы 15 желтоқсанда Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. (Астана).
2016 жылы Халықаралық қазақ тілі қоғамының І дәрежедегі "Қазақ тілі" алтын медалімен марапатталған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!