Мақпал Жүнісова Мұхамедиярқызы (1964 жылы 11 қаңтар)

 Мақпал Жүнісова Мұхамедиярқызы (1964 жылы 11 қаңтар)

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова (1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған)- кеңестік және қазақ эстрада әншісі (драмалық сопрано), профессор. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.),- ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.). халықаралық конкурстардың лауреаты.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығы кіріп (Роза Рымбаевадан кейін), үлкен танымалдылыққа ие болды. Мақпал Жүнісова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.

Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген (1988), ұйымдастырушы-әдіскер. 1981 жылдан бері - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі. Жоғарғы "Ленин-комсомол" сыйлығының иегері (1982 ж.). Халықаралық "Жігер" фестивальінің лауреаты (1983 ж.). Халықаралық "Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың" иегері (1985 ж. Қырғызстан). Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1989). «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін "Гран-при" иегері (1996, 1997 ж.) Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.). I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры (1997 ж.).

Отбасы
Әншінің анасы 13 құрсақ көтергенімен, олардың 8-і ғана тірі қалады. Бүгінде әулетте 6 қыз,2 ұл бар. Әкесі өмірден ерте қайтқан, ал анасы ұлы мен келінінің қолында. Жақындарының айтуынша, Мақпал Жүнісова төрт жасынан бастап бес жүз адамға арналған клубта ән айтып, сахнаны еркін меңгере бастаған. Оның әншілігі тойларда,думандарда, әртүрлі мерекелердеұшталып жатты десе де болады. Мектепте үздік оқып, ата-анасын мақтау қағаздарымен жиі қуантқан. Әкесі Мұхамедияр қарапайым шаруа адамы болса да, табиғатынан дана кісі. Мақпалды үшінші сыныпта Қарағандыдағы музыка мектебіне әкелу керек деген ой осы әкесінің шешімі болған. Көп ұзамай әнші аталған мектепте музыкалық білім алып қана қоймай, орыс тілін меңгере бастайды.

Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген 1988 жылы бітірді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі