Әлем шаруашылығының құрылымы (10 сынып, III тоқсан)

 Әлем шаруашылығының құрылымы (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика
Сабақ тақырыбы: Әлем шаруашылығының құрылымы
Белгілі бір оқыту мақсаты: Әлем шаруашылығының құрылымын білу
Сабақ мақсаттары: 10.4.1.4 әлем шаруашылығының құрылымын бағалау
10.4.1.5 әлем мемлекеттерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу.
Психологиялық ахуал. Оқушылармен амандасу. Сыныпта жұмыс атмосферасын қалыптастыру
Тақырыпқа шығу. Тақырып бойынша фотосуреттер көрсетілген презентацияның алғашқы слайдын көрсету көрсету арқылы «Әлем шаруашылығының құрылымы» сабақ тақырыбына шығу
Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларды берілген сабақ тақырыбы бойынша қандай мақсаттар қоюға болатынын сұрайды.
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар сабақ тақырыбына байланысты сабақ мақсаттарын ұсынады.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың ұсынған мақсаттарын іріктеп, оқушыларды сабақтағы бағалау жүйесімен және бағалау критерийлерімен таныстырады
«Ми шабуылы»:
Мұғалімнің іс-әрекеті: Дүниежүзі шаруашылығы дегеніміз не? Оны қалай жіктеуге болады?
Оқушының іс-әрекеті: мұғалім сұрақтарына жауап береді, мүмкіндік бойынша жауаптарын мысалдармен дәлелдейді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушылардың жауаптарын тыңдап, қажеттілік туындағанда оқушылардың жауаптарын түзетеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Сабақтағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін мұғалім оқушыларды жұптарға бөледі. Жұпқа бөлу тақырып бойынша дайындалған карталарды бөлшектерге бөлу арқылы жүргізіледі. Кесілген фотосуреттердің бөлшектерін мұғалім оқушыларға ұсынады.
Оқушының іс-әрекеті: оқушылардың әрбірі кесілген бір бөлшекті алып, оны мозайка ретінде жинастырып, өзінің бөлшегі сәйкес келетіндей жұпқа жиналады.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалім мозайканың дұрыс жиналауын қадағалап, оқушыларға суреттерге сәйкес әрбір жұптың зерттеу жұмысы жүргізілетінің түсіндіреді.
Жұптық жұмыс. «Әлем шаруашылығының құрылымы» зерттеу.
Мұғалімнің іс-әрекеті: зерттеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында мұғалім оқушыларға әлем шаруашылығының жіктелуі берілген таратпа қағаздарын ұсынады. Қажеттілік туындаған кезде тақырыпты меңгеру, түсінуге оқушыларға жеке көмектеседі.
Оқушының іс-әрекеті: жұппен таратпа қағаздардағы мәліметтерді зерттейді. Тақырыпты түсіну кезінде қиыншылықтары туындаған кезде мұғалім көмегін сұрайды.
Бағалау. Әлем шаруашылығының құрылымы меңгеруін бағалау.
Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушылардың «Әлем шаруашылығының құрылымы» тақырыбын меңгеруін тексеру мақсатында мұғалім бағалау парағын оқушыларға ұсынады.
Оқушының іс-әрекеті: Бағалау парағына сәйкес оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жұмысты орындағаннан кейін бағалау парағына сәйкес өзіне бағалау жүргізіледі. Оқушылар өз жұмыстарын бағалау парағындағы бағалау критерийлеріне сәйкес тексереді.
Оқушының іс-әрекеті: тексеру нәтижесінде бағалауды жүргізеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: мұғалім таңдауы бойынша бірнеше оқушыдан өзіне қандай баға қойғандығын сұрап, қойған бағасын дәлелдеуді сұрайды.
Оқушының іс-әрекеті: өздеріне қойған бағаларын бағалау критериіне байланысты дәлелдейді.
Топтық жұмыс. «Әлем мемлекеттерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Сабақтағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін мұғалім оқушыларды топқа бөледі. Топқа бөлу тақырып бойынша дайындалған фотосуреттерді бөлшектерге бөлу арқылы жүргізіледі. Кесілген фотосуреттердің бөлшектерін мұғалім оқушыларға ұсынады.
Оқушының іс-әрекеті: оқушылардың әрбірі кесілген бір бөлшекті алып, оны мозайка ретінде жинастырып, өзінің бөлшегі сәйкес келетіндей топқа жиналады.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Мұғалім мозайканың дұрыс жиналауын қадағалап, оқушыларға суреттерге сәйкес әрбір жұптың зерттеу жұмысы жүргізілетінің түсіндіреді.
Оқушының іс-әрекеті: оқушылар 3 топқа бөлініп, әрбір топ өзінің тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүрзігеді. Зерттеу нәтижесін постер түрінде сынып алдына ұсынып, қорғайды.
Бағалау. Әлем мемлекеттерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу
Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушылардың «Әлем мемлекеттерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу» тақырыбын меңгеруін тексеру мақсатында мұғалім бағалау парағын оқушыларға ұсынады. Әрбір жұпқа жеке тақырыптық карталар ұсынылады.
Оқушының іс-әрекеті: Бағалау парағына сәйкес оқушылар тапсырманы орындайды. Жұмысты орындағаннан кейін бағалау парағына сәйкес бірін-бірі бағалау жүргізіледі. Оқушылар жұппен бір-бірімен жұмыстарымен алмасып, жұмыстарды тексереді.
Оқушының іс-әрекеті: тексеру нәтижесінде бағалауды жүргізеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: мұғалім таңдауы бойынша бірнеше жұптан бір-біріне қандай баға қойғандығын сұрап, қойған бағасын дәлелдеуді сұрайды.
Оқушының іс-әрекеті: жұп ішінде қойған бағаларын бағалау критериіне байланысты дәлелдейді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 205



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?