22 қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күні қарсаңында...

22 қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күні қарсаңында...

БҚО Орал қаласы,Губарова к.,15/1
МКҚК №18 «Балдырған»бөбекжайы
Баспаева Нурзия Усмановна
қазақ тілі мұғалімі тел.87755049202

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Рухани - адамгершілік тәрбие балабақшадан басталады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа ұлттық патриотизмді қалыптастырып, адамгершілік – рухани тәрбие беру. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының идеясында «жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле¬сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр¬намасы».
Адамгершілік құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық болады. Біз, ұстаздар сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді жан-жақты терең білумен қатар, балалардың бойына адамдық құндылықтарды терең сіңдіріп, рухани жаны таза адамды тәрбиелеуміз керек. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана, өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшаның педагогтардың жұмысына байланысты.
Біздің №18 «Балдырған» бөбекжайында 150 бала тәрбиеленуде. Мұнда әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы үш жастан алты жасқа дейінгі балалар. Бөбекжайда балалармен әртүрлі қызықты байқаулар ойын-сауықтар, ертеңгіліктер, қуыршақ театр көріністері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиемен бірге оқу-тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі: коммуникативтік, шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша оқу қызметтері өтеді. Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, еңбекке, баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Кішкентай бүлдіршіндерді өнерге, білімге қызықтырып тәрбиелеуде балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың нәрімен сусындатып, тәрбиелейміз. Тәрбие жұмысын біз тәрбиешілермен бірге және ата-аналармен бірлесе отырып жүргіземіз. Ең бастысы, бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді игеруге, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін танып-білуге деген құлшыныстарын арттырамыз. Бұл, әрине, педагогтардың орасан еңбектерінің жемісі. 22 қыркүйек Қазақстан халықтар Тілдер күніне арнап бөбекжайымызда өзге ұлт балалары арасында мемлекеттік тілде ән салу, өлең оқу, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер айту байқауын өткіздім. Бүлдіршіндеріміз іс-шараға белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетті.
Ересек тобының тәрбиеленушілері Татоян Марина, Аринчихина Даша еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін Отан туралы өлеңмен білдірді. Стародубцева Вероника, Гребенюк Максим, Дәулеткалиева Адия «Отан - ана» әнін орындады. Баранова Наташа мен Мостовщиков Кирилл «Айтыс» қазақ халқының дәстүрімен таныстырып өнерімен таңқалдырды. Хайыр Айзере, Бисекенова Нұрай «Қошақаным» әнімен «Көрермен көзайымы» номинациясына иеленді. Сондай - ақ, балалар қазақ ұлттық ойындарын ойнап өздерінің қызығушылықтарын арттыруда.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі