Табиғат зонасы (8 сынып, II тоқсан)

 Табиғат зонасы (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар: Гидросфера тарауы
Сабақ тақырыбы: Табиғат зонасы
Сабақ мақсаттары: 8.3.4.1 табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын талдайды, салыстырмалы сипаттама жасайды
8.2.1.2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқу.
Оқушылармен сәлемдесу.
Санау арқылы топқа бөлу.
Суретке қарап сабақтың тақырыбын анықтау.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерилерімен таныстыру.
Миға шабуыл әдісі
Табиғат зоналары деген не?
Табиғат зоналары - ендік бағытта температурасы, ылғал мөлшері, топырағы, өсімдіктері, жануарлары бірдей болатын табиғат кешені.
Табиғат кешені дегеніміз не?
Табиғат кешені - өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.
Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеумен тығыз байланысты.
Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюына қарай экватордан полюстерге қарай алмастыратын табиғат кешендері ендік зоналылық деп атайды.
Биіктік белдеулік зона
Тауларда табиғат зонасы тау етегінен шыңдарына дейін ауысады
Таулы өңірлерді аралай жүріп, өсімдіктер аймағының өзгермелі екендігін бақылай аласыз. Жоғары көтерілген сайын ауа райы суып, өсімдіктер түрі де өзгереді.Тауға көтерілген сайын қылқан жапырақты орман, ал одан жоғарыда ормандар бұталар мен шалғынға ұласады. Ең биік жерлерде мүктер мен қыналар көп, ал шыңдарын қар мен мұз басып жатады.
Табиғаттағы зоналылық құрлықтағы климаттық жағдайға байланысты.
Мысалы, температура жоғары, ылғалы мол жерлерде мәңгі жасыл орман қалыптасады.
Ал, температура жоғары, ылғалы аз түсетін жерлерде шөл қалыптасады.
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға мәтін таратылады, мәтінді оқып топта талдайды.
5 минут
Жеке жұмыс
оқушылар дәптерге орындайды
1 -географиялық қабықтың заңдылықтарын тірек
сызбада көрсет.
2-ендік зоналылық пен биіктік белдеуліктің қалыптасуын график түрінде көрсетіңіз.
Тапсырма дескрипторы:
Мәтінді пайдаланып:
- Географиялық қабықтың заңдылығын тірек-сызбада көрсетсе 1 балл
- Географиялық қабықтың заңдылықтарын және ендік зоналылық пен биіктік белдеулердің қалыптасуын график түрінде жазса 1 балл
Оқушылар өзін өзі басбармақ әдісі арқылы бағалайды.
Топтық жұмыс
Табиғат зонасы картасын пайдаланып ендік зона мен биіктік белдеулерге сипаттама береді, және төмендегі жоспар бойынша талдайды.
Жоспар:
- Табиғат зонасы атауы
- Географиялық орны
- Топырағы
- Өсімдік түрлері
- Жануарлар түрлері
Табиғат зонасы атауын жазса 1 балл
- Географиялық орнын анықтаса 1 балл
- Топырақтың түрін анықтаса 1 балл
- Өсімдік түрлерін жазса 1 балл
- Жануарлар түрлерін жазса 1 балл
Тапсырма дескрипторы:
Егер 5 балл алсаңыз өзіңізді сабақ мақсатына жетті деп есептеуіңізге болады!
Дефференсациялық жұмыс
Қазақстанда қандай табиғат зоналарыкездеседі?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 048



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?