Оқу түрлерін қолдану Мұзафар Әлімбаевтің «Демалыста жайлауда» (4 сынып, III тоқсан)

 Оқу түрлерін қолдану Мұзафар Әлімбаевтің «Демалыста жайлауда»  (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Оқу түрлерін қолдану Мұзафар Әлімбаевтің «Демалыста жайлауда»
Оқу мақсаттары: 4.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
4.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңнен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
Көпшілік оқушылар: өлеңді сын тұрғысынан бағалап оқиды;
Кейбір оқушылар: өлең кейіпкеріне хат жазады.
Сабақтың басы
Топқа бөлу: 1,2,3,4 санағын жүргізу арқылы топқа бірігеді.
1. Жайлау
2. Күздеу
3. Көктеу
4. Қыстау
Ширату тапсырмасы:
ҮнтаспаданЕскендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін тыңдау
Бірге шырқау
Сабақтың ортасы
(Т; МК; ОТ) «Уақыт машинасы» әдісі арқылы автормен туралы білетіндерін еске түсіреді.
Мұзафар Әлімбаев - (29 қазан, 1923 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды атырабы - 26.11.2017, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. 2017жылы дүниеден озды.
1-тапсырма
(Ж,Т) Түсіну М.Әлімбаевтің «Демалыста жайлауда» өлеңі
«Стоп кадр» әдісі
Оқушыларға өлең таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы өлеңді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады. Өлеңді оқып отырған кезде белгілі бір сигнал беріледі, белгі берілген кезде «стоп кадр» деп біреуді түртіп қалғанда тоқтаған жерінде кейіпкердің іс-әрекетін айтады. Өлең аяқталғанша дейін осылай жалғасады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Б. «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды
2-тапсырма
Қолдану (Т) «Пазл» әдісі.
Мұғалім әр топқа оқиға желісі көрсетілген сурет қиындыларын беріп, суреттерді ретімен орналастыруды тапсырады. Оқушылар оқиға желісін ретімен орналастырады.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
Б «Смайликтер»
3-тапсырма
(Ө,Т) Талдау «Дөңгелек үстел» әдісі
Кейіпкерге хат (ағасы, інісіне өз таңдауымен)
Сөйлем саны топ мүшелерінің санына қарай шектеулі, мысалы, топта 5 оқушы болса хат тек 5 сөйлемнен құралуы керек.
Топ мүшелерінің біріншісі хаттың алғашқы сөйлемін жазып, жанындағы оқушыға береді, ол оқушы хаттың екінші сөйлемін жазып келесі оқушыға береді, ол оқушы да үшінші сөйлемін жазып келесіне береді. Осылайша топ мүшелері бірінің жазғанын бірі толықтырып ортақ 1 хат жазып шығады
Саралау: Кейіпкерге хат жазу бағалау арқылы саралау жүргізіледі. Барлығына бірдей кейіпкерге хат жазу деген тапсырма беріледі
Б «Қол шапалақтау»
Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау
4-тапсырма
(Т) Жинақтау
Жырдың мазмұны бойынша сурет қиындылары таратылып беріледі. Ақын ойын өрбітіп, әңгімелеу. Оқушылар топта бірлесіп пікірлеседі.
«Идеялар аукционы» әдісі бойынша топтардың жұмысын аралап қарайды, ортада ақын сөзін өрбіткен идеяларымен бөліседі.
Ақын ойы:
1) Жаңа орман ну көрдік
Не көрдің?
2) Жел-толқынға жармастық,
Оқиға ойластыр.
3) Қызыл-жасыл гүл тердің,
Сипатта.
4) Құзға өрмелеп, тау асты,
Сипатта.
Саралау: Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.Барлық оқушылар бағаланады
Б «Екі жұлдыз,бір тілек»
Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны
Бір тілек-Жақсартуға болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 104



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі