Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» (4 сынып, II тоқсан)

 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» (4 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді»
Оқу мақсаттары: 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану
4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеороликтер жасау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолданады, әдеби көркемдегіш құралдарды табады.
Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолдана отырып өз ойын білдіреді, көркемдегіш сөздерді табады және өз пікірлерін айтады.
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар, фотосуреттер қолданады және қорытынды жасайды, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады.
Сабақтың басы
Ширату.
(МК, Ө) Оқушыларға сурет бойынша сабақтың тақырыбын анықтауға тапсырма беріледі. Оқушылар сурет бойынша бірнеше тірек сөздер айтады. Мұғалім тақтаға жазып тұрады. Тақтаға жазылған сөздер негізінде сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
1-тапсырма
(Т; Ө) Оқушыларға Қ.Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» өлеңін оқу ұсынылады. Өлеңді оқуға уақыт беріледі.
1.Өлеңді жеке өз бетімен оқиды.
2. Бірнеше оқушыға дауыстап оқыту.
3. Өлең бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Автор нені армандады?
-Өлеңге басқа қандай тақырып қоюға болады?
Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Өлеңді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды. Кейбір оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беріледі.
Б. Оқушылардың бірін – бірі бағалауы.
2-тапсырма
(Т;МК) Оқушылар топта «Пирамидалық талқылау» әдісімен өлеңдегі көркемдегіш сөздерді (теңеу, эпитет, кейіптеу) табады. Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа ортақ түйінді ой жазылады
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқуышларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Оқушылардың мүмкіндігіне қарай қолдау көрсетіледі.
Б. Оқушылар бағдаршам әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.
3- тапсырма
(ЖЖ) Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады.
Көркемдегіш құралдар Өлеңнен мысалдар
теңеу
эпитет
кейіптеу
(эпитет: асқар шың, таң шолпан; теңеу: мұздай болат, тас түлектей; кейіптеу: әзілдескен, сырласқан, күнге күліп, күй тартқан, әнін тыңдатқан, қуантқан, киінген, туып,түнеген, жаттаған)
Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.
Б. Жұптардың өзара жұмыстарын текесеріп, жетістіктері «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.
4-тапсырма
(Ө) Оқушыларға ұшқыш туралы суреттер таратылып беріледі және сілтемесі бойынша бейнефильм көрсетіледі. Бейнефильм бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар өз ойын айту кезінде суреттерді қолданады.
Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Тапсырманы орындау кезінде қосымша ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.
Б. Оқушылар өзін- өзі «Баспалдақ» әдісі бойынша бағалайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 201



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?