Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қара құлып» Сайын Мұратбеков (4 сынып, I тоқсан)

 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қара құлып» Сайын Мұратбеков (4 сынып, I тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қара құлып» Сайын Мұратбеков
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру;
4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету .
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтінді күйдің үзінді нұсқасымен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді.
Көптеген оқушылар: қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде түрлендіре алады.
Кейбір оқушылар: өз тұжырымдарын дәлелдей алады .
Сабақтың басы
Ширату. «Ырғақты әуен» ойыны. Әр топтың парталарының бір бұрышына алдын-ала сандық, шеге, құлып, кәмпит деген сөздерді ілінеді. Оқушылар осы сөздер бойынша шағын мәтін құрастырады. Одан кейін әуен ойнатылып, сол әуеннің ырғағымен балалар партаны айналып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар да тоқтайды. Қағаз жабыстырылған партаның қасына тоқтаған бала сөздерді оқып, оның не екенін анықтайды. Бұл ойын 2-3 рет қайталанады.
Сабақ мақсаты: әңгімені Құрманғазы Сағырбайұлының «Қайран шешем» күйін Дина Нұрпейісованың орындауында тыңдап, ана көңілі туралы айтылған үзіндісімен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді. Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
Мұғалім «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, Сайын Мұратбековтің «Қара құлып» әңгімесін «Болжап оқу» әдісі арқылы оқиды. Мәтінді бөліктерге бөліп оқып, әр бөліктегі сюжеттің дамуына болжау жасайды, себебін түсіндіреді. Жасаған болжамдарын мәтін бөліктермен салыстырады.
Қ.б. «Мадақтама» Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жауаптарын «Өте жақсы» «Жақсы» сөздерімен мадақталады.
2-тапсырма
(Ө), (ЖЖ). Құрманғазы Сағырбайұлының «Қайран шешем» күйін Дина Нұрпейісованың орындауында тыңдап, ана көңілі туралы ойларын ортаға салады. Оқыған әңгіме, тыңдаған күй бойынша сұрақатар құрастырады.
ҚБ: 2 жұлдыз, 1 тілек. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
3-тапсырма
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Бұл тапсырма дереккөздерден ақпарат алуға негізделеді. Оқушылар мұғалімнің ұсынған журналдар мен кітапшаларын таңдайды.
1. Әрбір оқушы дереккөздерден ана жайлы айтылған сөздерді анықтайды.
2. Содан кейін жанындағы көршісімен талқылайды, пікірлеседі, анықтайды.
3. Жұптар өз пікірін топпен бөліседі. Әр топтан ортақ бір пікір шығарылады.
ҚБ. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!»сөздерімен мадақтаймын.
4-тапсырма
(Т). «Елші» әдісі. Құрманғазы Сағырбайұлының «Қайран шешем» күйін Дина Нұрпейісованың орындауында тыңдап, ана көңілі туралы айтылған жерін «Қара құлыптағы» «Кешкiсiн апам қабағы түсiп, бiздi жабырқау қарсы алды. Бiрақ ұрыспады. Қара құлып, өзi зiлдей ауыр құлып, ала сандықтың үстiнде жатыр. – Апа, сандықтың аузын неге жаппайсың? – дедiм мен бiрде шыдай алмай. – Жауып қайтем, бәрiбiр сен құлыпты ашуды үйренiп алдың ғой, – дедi апам. – Ақылың бар болса, кәмпиттi сұрап жерсiң, ақылың жоқ болса, ұрлап жей бер» үзіндісімен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Ұқсастық Айырмашылық
Әр топ осы сұрақ бойынша ақылдасып, жазады.
1. Әр топ өз тобынан елші тағайындайды.
2. Сол елші келесі топтарға өз мәліметтерімен, жасаған жұмыстарымен бөліседі.
ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 754



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?