Оқу түрлерін қолдану «Шілде» Міржақып Дулатов (3 сынып, IV тоқсан)

 Оқу түрлерін қолдану  «Шілде» Міржақып Дулатов (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Оқу түрлерін қолдану «Шілде» Міржақып Дулатов
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын іштей саналы түрде түсініп оқиды, мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбын анықтай алады;
Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын білдіріп тұрға мәтін бөлігін көрсете алады;
Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, мәтін бөлігінен шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады.Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
(Ө; Ұ) «Ыстық картоп» ойыны. «Демалыстың қандай пайдасы бар ?»
Балалар шеңбер жасап тұрады. Мұғалімнің нұсқауымен ойын басталады. Ыстық картоп болып домаланған қағаз дайындалады. «Ыстық картоп» деп айтылған кезде балалар бір-біріне тез-тез кезектесіп беріп отыру керек. «Тоқта!» деген нұсқау берілген кезде кімнің қолында картоп қалды, сол бала тездетіп сұраққа жауап беру керек. Ойын әрі қарай жалғасын таба береді. «Тоқта!» деген нұсқау берілгенде ойын тоқтатылып, бастапқы білімге байланысты сұраққа жауап береді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. шығарманың мазмұнын іштей саналы түрде түсініп оқиды, мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбын анықтай алады, бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК; Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы суретте бейнелегне жыл мезгілі бойынша 10 сөз айту тапсырылады.
Тақтағы бүгінгі сабақта қарастыратын мәтін мазмұнына сәйкес суреті ілінеді. Оқушыларға суретке байланыстын сөздерді айтыды, мұғалім оларды жазып тұрады.
Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сұрақтарға жауап бере алмаған оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі.
(Б) Мадақтау арқылы мұғалім кері байланыс беріліп, сұраққа толық жауап бергендері бағаланады. «Жарайсың! Өте дұрыс жауап бердің.. Мәнді жауабың үшін ризамыз.
2-тапсырма
(МК, Ұ, Т) «Өз бетінше оқу» әдісімен М.Дулатовтың «Шілде» әңгімесін іштей, түсініп оқу ұсынылады.
«Галереяны шарлау» әдісі арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, талдап, мазмұнын түсіну ұсынылады. Әр топқа мәтін мазмұнына байланысты бір сұрақтан таратылады. Оқушылар мәтінге сүйене отырып, сұраққа жауапты постер түрінде бейнелейді.
Сұрақтар:
1 топ – Әңгімедегі автор неге «шілде» атаған?
2 топ – Ертеде қазақтар шілде айында не істеген және қазіргі заманда олай жасай ма?
3 топ –Шілде де қанадай тағамдардың мол болатын кезі? Ал өзің оқып отырып не сезіндің?
4 топ – Осы мәтін неге осы бөлімде берілген, сенің пайымдауың қандай?
Қабырғаға әр топтың дайындалған постерлері ілінеді. «Галереяға саяхат жасап» топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және стикерге пікірін немесе сұрағын жабыстырады. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай әр топтың оқиғаны әңгімелеуі әртүрлі болатыны күтіледі.
(Б) «Бағдаршам» көздері арқылы топтар өзара бағалау жүргізу ұсынылады.
қызыл = түсінген жоқпын
сары = әлі де толықтыру қажет
жасыл = барлығы түсінікті
3-тапсырма
(МК, Ұ, Ө) «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы оқушыларға топтасып «Шілде» әңгімесінде негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді табуға берілген тапсырманы орындау ұснылады.
Тапсырма орындауға ұсынылатын кесте үлгісі:
1. пікір шығарманың тақырыбын жазады
2. дәлел Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады
3. мысал Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді
4. қоры
тынды негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады
Саралау: Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.
(Б) «От шашу» әдісі арқылы топтық бағалау.
4-тапсырма
(МК, Ұ, Ж) «Бір минуттық әңгіме» тәсілін қолдана отырып, «Шілдеде мен........» деп бастап өз сөзімен жазғы демалысы жөнінде әңгіме айту ұсынылады.
Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен жұптасып қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Оқылған шығарма бойынша да әңгімелесу жүргізеді, өз ойларымен бөліседі.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы мазмұндау кезінде қабілетті оқушылар жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп, шығарманы толық мазмұндауы ескеріледі.
(Б): шығарманың бөлігін мазмұндайы өзара «смайл» әдісі арқылы бағаланады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 818



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі