Аналар мерекесі (Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев Қуаныш Ә. Шынбатыров) (3 сынып, IV тоқсан)

 Аналар мерекесі (Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев  Қуаныш  Ә. Шынбатыров) (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Аналар мерекесі (Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев Қуаныш Ә. Шынбатыров)
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау
3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық: өлеңді дауыс ырғағын сақтай отырып, мәнерлеп оқиды;
Көптеген оқушылар: өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңнен теңеу сөздерді тауып жазады;
Кейбір оқушылар: өз ойын жүйелі жеткізеді, сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Гүл сыйлау» ойыны. Әр әріптен аналарына арналған тілектерін айтады. Қолындағы гүл түстеріне сәйкес топтарға бірігеді.
1,3-топ - «Аяулы анам»
2,4-топ - «Асыл әжем»
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру,
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ө,ОТ) «Ана қандай?» тақырыбында постер қорғау тапсырылады. Алдарыңызда берілген қағазға аналарыңызға деген сезімдеріңізді түсіндіріңіздер. Өлең түрінде, сурет салсада болады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
(Б) «Мадақтама» әдісі Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.
2-тапсырма
«Ардақты ана» өлеңінің авторы қазақ балалары ақын Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Көптеген өлеңдердің сөзін жазған. Мысалы: «Біз өмірдің гүліміз», «Ағайынбыз бәріміз», «Ақ мамам», «Шырша жыры», «Қуыршақ» өлеңдерінің авторы Әнуарбек атамыз.
(Т; МК) «Әдеби үйірме» әдісі бойынша өлеңмен жұмыс.
Топтағы
І оқушы – баяндап беруші
ІІ оқушы – зерттеуші ( мақал-мәтел, жаңылтпаш)
ІІІ оқушы – сұрақ құрастырушы
ІV оқушы – бейнелеуші
V оқушы – дәнекер
Тапсырма: Өлеңнен ана қасиетін дәріптеген ақынның сөздері арқылы ана бейнесін топтап шығару. (Мысалы: ардақты, аяулы, қымбатты, кең құшақты, күлкісі күн нұрындай, гүл бақтың аясындай, ақылды, дана.)
Саралау: Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.
(Б) «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.
3-тапсырма
(Ұ; МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы Ә.Шынбатыровтың «Қуаныш» мәтінін оқу ұсынылады.
1.Мәтінді жеке оқып, түсініксіз сөздерді белгілейді.
2.Оқушылар мәтінге талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
Авторы туралы не білесіңдер?
Розаның сыйы анасын қуантты ма ?
Сен Розаның орнында болсаң не істер едің?
«Қуаныш» әңгімесінен не түсіндің?
Саралау:Баланың тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, қызығушылықты ояту.
(Б) «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы!». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.
4-тапсырма
(ЖЖ,МК) «Ой бұлты» әдісі
Тақырыпқа қатысты әрбір жұп өз ойына сүйеніп анасына, жақындарына арнап құттықтау хат жазады. Құттықтау хаттарында өлеңде оқыған теңеу сөздерді қолданады. Мысалы: ардақты, аяулы, қымбатты, кең құшақты, күлкісі күн нұрындай, гүл бақтың аясындай, ақылды, дана
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
- өлеңдегі теңеу сөздерді табады және қолданады;
- өз ойын жүйелі жеткізеді;
- сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 357



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?