«Жаңбыр жауды» Н. Әлімқұлов «Нөсер» А. Сопыбеков (3 сынып, IV тоқсан)

  «Жаңбыр жауды» Н. Әлімқұлов  «Нөсер» А. Сопыбеков (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі.
Сабақ тақырыбы: «Жаңбыр жауды» Н. Әлімқұлов «Нөсер» А. Сопыбеков
Оқу мақсаттары: 3.2.8.1 эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
Сабақ мақсаттары: - өлеңдерді мәнерлеп оқиды
- сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды;.
- өлеңнен көркем бейнелі сөздерді табады;
- өз ойын көркем бейнелі сөздерді қолданып жеткізеді.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы

Бейнероликті 0,33 секундынан бастап көрсету ұсынылады.
- Жаңбыр туралы не білесіңдер?
- Оның қандай пайдасы мен зияны бар?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрастыру немесе мұғалім дайын критерийді беру ұсынылады.
Сабақтың ортасы
1- тапсырма.
(Ж,ЖЖ) Н. Әлімқұловтың «Жаңбыр» өлеңін мәнерлеп оқу. Өлең жолдарынан көркем сөздерді тауып белгілеу.
Оқушылар өлеңді оқу барысында түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен табады, дәптерлеріне жазып алады. Белгілеген көркем сөздерді жұпта оқиды, ой бөліседі.
(Б) «Қошеметтер бұрқасыны» әдісі арқылы өзара жұпта бағалайды.
Топтасу. Берілген түрлі-түсті қима сөздердең сөйлем құрастыру арқылы 6 топқа бірігеді.
Ақ жаңбыр — бірқалыпта толассыз ұзақ жауатын жаңбыр.
Қара жаңбыр — күзгі қалың жаңбыр.
Нөсер — төгіп-төгіп жауып, тез аяқталатын будақ жаңбыр.
Өткінші жаңбыр — аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып, тез жауып өтетін жаңбыр.
Соқыр жауын — күн кезі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр.
Сылбыр жаңбыр — желсіз күнгі жай жаңбыр
2 –тапсырма
(Ж, Т) А. Сопыбековтың «Нөсер» өлеңін жеке түсініп оқиды. Екі өлеңді салыстырып, кестені толтырады.
Үлгі:
Жаңбырдың алдында Жаңбыр Жаңбырдан соң
Бұлттар үлкен аймақты алды.
Бұлттар қабағын түйді, аспанды қаптап алды. Сатырлатып даланы, аппақ нөсер басталады. Тамшы жерге секіреді. Су тамшылап сорғалайды. Аула тазарады.
Даланың шаңы жуылды. Көлшіктер пайда болды.
Балалар ойнайды.
(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
3- тапсырма
(Ж) Өлең жолдарын өз сөзіңмен жеткіз.
Үлгі:
1. Жаңбырға қатысты: Жаңбыр себелеп жауды.
2. Бұлтқа қатысты: бұлт аспанды қаптады.
3. Тамшыға қатысты: тамшы жерге секірді.
4. Шыққа қатысты: шық гүлге қонды.
4-тапсырма
(Ж) «Жаңбыр жауды» атты мәтін құрастыру.
Алдыңғы тапсырмадағы сөйлемдерді пайдаланып, мәтін құрастырады.
(Б) дескрипторлары:
1. Мәтін тақырыпқа сәйкес келеді.
2. Көркем-бейнелі сөздерді қолданады.
3. Мәтіннің құрылымы сақталған.
4. Тапсырма ұқыпты, қатесіз орындалған.
Саралау: үлгерімі төмен оқушыларға қажет болған жағдайда мұғалімнің қолдауы көрсетіледі.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 083



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?