Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы. Алтынсарин (3 сынып, IV тоқсан)

 Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы. Алтынсарин  (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – ту – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Өзеннің пайдасы «Өзен» Ы Алтынсарин
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: - Мәтін бойынша бағалауға негізделген сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;
- Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты табады;
- Өлең жолдарын қара сөз түрінде жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы

бейнероликті көрсету.
- Бұл бейнероликтен қандай әсер алдыңдар?
- Не білдіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстыралыды. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқы.
(Ж) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды: дерт (ауру), рақат (ләззат), қынарда (жағасында), жанабында (маңайында), дәптерлеріне жазады.
-Адамдар неліктен суды құрметтейді?
-Ол туралы өлеңнің қай жолдарында айтылған?
Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады.
Топтастыру «Су бұрқасыны»
Оқушыларға суқоймаларының түрлері бойынша: теңіздер, көлдер, мұхиттар, өзендер, Қазақстанның өзендері деп топқа біріктіру. Мұғалім ортаға шығып бала санына сәйкес келетін атаулар жазылған карточкаларды ортаға қояды. Оқушылар біреуін алып, суқоймасы түріне қарай топтасады. Ескерту: мұхиттар тобында 2 оқушыда 1 атау болады.
Теңіздер: Жерорта, Қара, Қызыл, Кариб, Азов.
Көлдер: Балқаш, Ала, Байкал, Каспий, Ыстық.
Мұхиттар: Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды, Атлант.
Өзендер: Жайық, Амазонка, Ніл, Хуанхэ, Конго.
Қазақстанның өзендері: Есіл, Ертіс, Іле, Орал, Нұра, Сырдария, Амудария
2- тапсырма
(ЖЖ, Т) «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі бойынша оқушылар жұпта ақылдасып сұрақтар құрастырады, топта ортаға салып талдап, топ ішінде 6 сұрақты (3 жуан, 3 жіңішке) таңдап алады. Таңдаған сұрақтарды көрші топқа ұсынады, өздері басқа топтың сұрақтарына жауап береді.
Үлгі:
Жуан сұрақтар (толық, жан-жақты, тиянақты жауапты талап ететін сұрақтар) Көркем бейнелі сөздерді қолданып жауап бер. Жіңішке сұрақтар (қысқа, нақты жауапты талап ететін сұрақтар)
Неліктен өзен сарқырап ағады? Өзен неден сарқырап ағады?
Өзен суы денедегі дертті қалай кетіреді? Денедегі дертті не қашырады?
Неліктен өзеннің балығы дәмді? Жан-жануарлар өзеннен не табады?
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау:
- сұрақтар құрастырды;
- көркем бейнелі сөздерді қолданып жауап береді;
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұрақтар құрастыруда кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) Өз ойын жеткізе білген балаларды «Қошеметтер бұрқасыны» арқылы бағалау.
3-тапсырма (Т)
Семантикалық картаны толтырады. (+)
Көркем сөздер шөп өзен жануарлар балықтар
Сарқыраған +
Алуан-алуан +
Айнадай +
Жарқыраған +
Тасыған +
Көк шалғын +
Оттай жанған +
Аққан +
(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.
4-тапсырма
(Ж) Дәптерге кестедегі көркем сөздерді пайдаланып өлеңді қысқаша мәтін түрінде жаз.
(Б) Мұғалім кері байланыс беру арқылы бағалайды. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 5 704



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!