Шығармадағы оқиғаны болжау «Қазына көтерген бала» Әнуар Жапаров (3 сынып, III тоқсан)

  Шығармадағы оқиғаны болжау «Қазына көтерген бала» Әнуар Жапаров (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Қазына көтерген бала» Әнуар Жапаров
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне,оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің портретін сипаттайды.
Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай отырып сиптаттайды;
Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің портретін сипаттайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
1.Қаныш Сәтбаев жайлы не білесің? Қаныш атаң қандай қызмет атқарды? деген сұрақтар беріңіз.
2. Оқушыларға:
– алдымен оқушыларға жеке ойлануға уақыт беріледі
– оқушыларды жұпқа бөліп, өз жұбымен сұрақты талқылайды (олар екеуден немесе үшеуден жұмыс істейді). Бір-біріне сұрақтарын қояды. Қойған сұрақтарына жауап береді.
–бірнеше жұптан/топтан өз сұхбаттары жөнінде сұраңыз
Оқу мақсатын хабарлау:
Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай отырып, кейіпкерлердің портретін сипаттап, оның іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
1.Суретке қарап оқылатын әңгіме бойынша суреттегі баланың көңіл күйі қандай? Ол әрі қарай не істейді деп болжауды сұраңыз.
2.Алдымен топта ойларын бөлісіп, суреттер жайында не білетіндерін талқылайды. Топтарды тыңдап, жетістіктерін бағалаңыз.
3.Суреттегі баланың көңіл күйіне тоқтап, оқушылардан содан кейін не болады, ол не істейді? т.б. сұрақтар қойыңыз. Оқушылар өз жауаптарына дәлел келтіру керек. Бірнеше нұсқасын постерге жазғызыңыз.
Саралау. Қабілеті төмен оқушылардың ойларын қолдаңыз, ал қабілетті жоғары оқушылардың жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.
Б: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды.
2-тапсырма
Әнура Жапаров «Қазына көтерген бала» мәтінін оқу.
1. «Болжамың дұрыс па? Білгің келсе, мәтінді оқы» деп тапсырыңыз.
2. Суретке қарап онда не бейнеленгенін сұраңыз.
3. Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріңіз.
4. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз.
Саралау. Қабілеті төмен оқушылардың оқуы барысында қабілетін ескеріңіз, қосымша уақыт беріңіз.
(Б) Жұптардың жауаптары тыңдалып, жетістіктері «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.
3-тапсырма
(Т) Әр топқа «Оқиға картасы» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша оқиға желісін болжап, жалғастырып әңгімелеу тапсырылады.
«Оқиға картасы» үлгісі
1. 1.мінез құлқы 2. 2. іс-әрекеті
3. 4.сюжеттің дамуын болжау
4. 3.оқиға барысы
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.
(Б) Топтар бірін бірі ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».
4-тапсырма
(Т; МК) «Қатені тап» әдісі
Ойын шарты:
Үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі.
1-топ тапсырмасы: мәтіннің кез келген үзіндісін әңгімелеп жазу арқылы ұсыну. Әңгімелеуде міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.
2-топ тапсырмасы: мәтіннен бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.
3-топ тапсырмасы: мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетемін.
(Б) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.
5 – тапсырма
(Т,ЖЖ,Ө) 1.Оқушыларға әңгіме мазмұны бойынша шығармашылық жұмыс жасайтынын айтыңыз.
2. Қаныштың мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтадың. Енді мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді қатыстырып, Қанышқа сипаттама бер деп тапсырма беріңіз.( биік құз, қалықтай ұшып, ит тұмсығы, тосынан, құштар, талабы, томпаңдап)
3. Ол үшін қабырға сұлбасын толтыруды беріңіз.
4. Адам сұлбасы салынған қағазды топқа беріңіз немесе оқушылардың өздерінің салуына болады. Оқушылар екеуден немесе ең көбі төртеуден жұмыс істейді.
5. Олар сол кейіпкерді басқа адамдар сыртынан қалай көретінін көрсетіп, сөздерді немесе сөйлемдерді сұлбаның сыртына жазады. Сұлбаның ішіне олар кейіпкер өздерін қалай сезінетінін, олардың ойлары мен сезімдерін жазады.
Саралау. Қабілеті төмен оқушылар әңгіме мазмұны бойынша түсінгенін өз сөзімен ортаға салып, талдауға қатысады.
Б. Оқушылардың өзін – өзі бағалауы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 047



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?