Шығарманы мазмұндау Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр» (3 сынып, III тоқсан)
Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Шығарманы мазмұндау Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын түсініп оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша таңдауына қарай мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздердің үлгілерін қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша толық мазмұндайды.
Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып еркін жеткізе алады, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша өз бетінше мазмұндайды.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
(Ұ, МК) «Бірге- бір» ойыны
Сыныптан бір қатысушы таңдалады. Қатысушының жоғары жағына көрсетілмей, бүгінгі сабақтың тақырыбына қатысты бір Абылай хан кейіпкер суреті жасырылады. Жасырылған сөзді табу үшін оқушылар сол сөзді кезекпен сипаттау арқылы бағыт-бағдар береді.
Мысалы: ол –көзі үлкен қара, қасы қою қара, қоңыр жүзі ер көңілді, қараған қарасы парасат адамға ұқсайды. Қазақ елінің ханы.
Бастапқы білімді қайталау
1-тапсырма
(Ұ, Ж). «Ия-жоқ» ойыны әдісі
Оқушылар жұптасып алдыңғы тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Әр жұпқа үш сұраққа дейін қойғызуға болады. Жауаптар дұрыс болса «ия», бұрыс болса «жоқ» деп жауап береді. Соңында қанша сұраққа дұрыс жауаптар жинағанын есесптеуді ұсынып, оқушылардың атақты тұлғалар тақырыбы бойынша білімдерін анықтауға болады.
- Барлық адам атақты бола ала ма?
- Атақты адамдарды білесіңдер ма?
- Атақты адамдардың сіңірген еңбектері туралы айта аласыңдар ма?
- Билік үстіндегі адамдар атақты тұлға бола алады ма?
- Суреттегі Ханның атын айта аласыңдар ма
Сабақтың тақырыбы және оқу мақсатын хабарлау. Мұхтар Әуезовтың «Әбілмансұр» шығармасын түсініп оқып, тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіруді, жоспарға сүйеніп мазмұндауды үйренеміз.
Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
2-тапсырма
(МК, Т) «Моделденген оқылым» әдісімен оқу
- Мұхтар Әуезовтың «Әбілмансұр» әңгімесін түсініп, сын тұрғысынан бағалап оқу ұсынылады. Бұл әдісте сараптамалық оқуға назар аударылады. Мәтінге талдау жасау үшін «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісімен оқушыларға үш «жұқа» және үш «қалың» сұрақ құру тапсырылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Бұл сыни ойлауды дамытуға арналған әдіс. Стратегия келесі дағдыларды қалыптастырады:
˗ сұрақтарды дұрыс құра білу;
˗ түсініктерді сәйкестендіре алу.
«Жұқа сұрақ» «Қалың сұрақ»
- Әңгіменің авторы кім?
- Төле бидің кішкентай кезіндегі аты қалай еді?
- Абылай Төле биден қайда сұранды?
- Төле би рұқсатын бірден берді ме?
- Қазақтың батыры Қанжығалы қарт Бөгенбай сол кезде неше жаста еді? - Неліктен Төле би Абылайға Сабалақ деген ат қойды?
- Сабалақ шалқасынан ұйықтап жатқанының мәнісі неде деп болжайды?
- Неліктен Әбілмансұр Абылай деген атқа ие болды?Абылайдың іс-әрекеті туралы ойың қандай?
- Ел билігінде болған басқа да қазақ хандары не білесің?
Саралау. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруда қолдауды қажет ететін оқушыларды ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) «Жапондық» әдіс арқылы бағалау. Топтар өзара көрсеткен жұмыстарына керемет, тамаша, өте жақсы, т.б. бағасын береді.
3-тапсырма
(Ө, Ж, Т) «Кірпіш» стратегиясын қолдана отырып Мұхтар Әуезовтың «Әбілмансұр» әңгімесінен іздеп тапқан көркем-бейнелі сөздерді кірпіштерге түсіреді және пікір білдіреді. А4 парағына бейнеленген кірпіштердің суреттерін және мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтар таратылады. Оқушылар кірпіш суреттеріне өздігінен отырып, мәтін мазмұны бойынша сөздер мен сөз тіркестерді жазады. Жұптасып бір-бірінің жазғанын оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтың ішінен 5 маңызды сөздерді таңдап, стикерге жазып тақтаға іледі және түсіндіреді.
Мысалы: шалқасынан ұйықтайды, бәйге ат, қазақтың көп қолы, Қанжығалы қарт, жекпе-жек, майдан, тұра шауып, найза, ұран.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай мәтіннен көркем-бейнелі сөздерді анықтап жазулары әртүрлі болуы мүмкін.
(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі. Жасыл түс – көркем-бейнелі сөздерді анықтай алдық, сары түс – көркем-бейнелі сөздерді анықтауда қиналдық, қызыл түс – анықтай алмадық.
Сергіту сәті. «Үш достың ерлігі - Абылай хан» Сабалақ туралы мультфильм үзінділерін көрсетіп, Сабалақ туралы әңгімелеу жүргізіледі.
4-тапсырма
(Ұ, Т, Ж) Оқушылар топтасып Мұхтар Әуезовтың «Әбілмансұр» әңгімесіне «Бес саусақ» әдісі арқылы бірлесе отырып жоспар құрастырып, мазмұндайды. Мұғалім жоспар құрастыруға флипчартқа бес саусақ бейнеленген флипчарт, мәтін мазмұны бойынша үлгі тақырыпшалар жазып қояды. Оқушылар әр саусақтың тұсына тақырыпша жазып, жоспар құрады, соған сүйеніп топтан бір оқушы мазмұндайды.
Жоспардың үлгісі:
Бас бармақ – Әбілмансұрдың екінші аты
Балан үйрек – Сабалақ шалқасынан ұйықтап жатуы
Ортан терек – Қазақ пен қалмақ соғысы
Шылдыр шүмек – Қанжығалы қарт Бөгенбай жасы
Кішкене бөбек – Әбілмансұрдың Абылай атануы.
Саралау. Қорытынды тәсіл арқылы саралау жоспарланады. Мазмұндау кезінде қабілетті оқушылар жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп, шығарманы толық мазмұндауға болады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мазмұндау кезінде сөзбен көмек көрсетіледі.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?