Халық поэзиясының алыбы Д. Жамбылова «Жәкем» (3 сынып, III тоқсан)

 Халық поэзиясының алыбы Д. Жамбылова «Жәкем» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Халық поэзиясының алыбы Д. Жамбылова «Жәкем»
Оқу мақсаты: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар : шығарманы түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді, мәтіннен көркемдеуіш сөздерді табады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты таба алады, мәтіннен көркемдеуіш сөздерді анықтайды;
Кейбір оқушылар: шығармадағы қажетті ақпаратты тауып, теңеу, эиптет сөздерді сөйлеу барысында қолданады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Кімнің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен құрастыру арқылы 5- топқа бірігеді.
Күлімдеген күн мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
І топ. Күлімдеген күн
ІІ топ. Аяулы ана
ІІІ топ. Қадірлі әке
ІҮ топ. Әлпештеген әже
Ү топ. Еркелеткен ата
Құрастырған сөйлемдеріндегі мейірімді жандар туралы әңгімелейді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1- 1-тапсырма
(МК, Ө) «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша «Естелік» дегенде ойларыңа не келеді? Оқушы ойын тыңдау.
Үлгі: бір затты сыйлау, бірге түскен суреттер, бір жанмен кездескендегіні еске алуы т.б.
Қосымша: Естелік – өмірде шынайы болған атақты тұлғалар мен оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың баяндап беруі.
Ендеше бүгін Ділдәхан апамыздың өз атасы Жамбылмен болған оқиғадан естелігімен танысамыз.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
2 - тапсырма
(Ө, Т, МК) «Түртіп алу» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды. «Шәкірт балаларға» өлеңін оқу барысында теңеу сөздерді мұғалім немесе қабілетті оқушылар көмегімен түртіп отырады және дәптерге жазады. Мәтіннен қажетті ақпаратты табады.
Дәптермен жұмыс:
Теңеу сөздер: мәуелі бәйшешек, ұялы бір бәйтерек, гүлдей жайнаған
«Бірге ойлаймыз» әдісімен «Естелікті жазған кім? Ол кімді еске алды?» сұрақтарына жауап береді.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 мәтінді түсініп оқиды;
 мәтін мазмұнын айта алдаы;
 мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
 теңеу сөздерді теріп жазады.
3-тапсырма
(ЖЖ, ОТ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Жамбыл Жабаев туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)
1.Ол кім?
2.Қайда туған?
3.Қандай қызмет атқарған?
4.Қандай шығармаларын білесің?
5.Бірнеше шығармаларын атап бер
6. «Ленинградтық өренім» өлеңі таныс па?
Қосымша:
Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
4 - тапсырма
(ОТ, МК, Ұ) «Фотогалереяны шарлау» стратегиясы арқылы қабырғада ілінген суреттер арасынан өлеңдегі теңеу сөздерге сай келетін суреттерді табады, өлең жолынан тауып оқиды, түсіндіреді.
«Жас ақын Жамбыл мен Құлманбет айтысы» алдын ала дайындалған үзіндіні көрсету.(2 мин)
«Айрықша тапсырма» әдісмен қабілетті оқушылардан сөздерді қолдана отырып айтыс ұйымдастыру.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағала......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 041



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?