Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)

 Көне қалалар. (Нәтиже сабақ)  Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, ақпараттарды кестеге түсіріп, сөйлемдерде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жазады.
Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және сұрақтардың негізінде ой бөліседі, мәтін мазмұнына сәйкес ақпараттарды жинап, кестені толтырады.
Кейбір оқушылар: Әртүрлі дереккөздерден мәліметтер жинастырып, кестені толтырады, сөйлемдердегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
- «Жақсы сөз»
- Арқамызға стикер жабыстырып мінезіне қатысты сөздер жазу, кері айналып сол сөздерді келесі оқушы оқиды.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Көне қалалар» туралы берілген мәтінді оқып таныстыру.
Мәтінді әртүрлі түспен белгіленген белгі бойынша оқиды.
1-2 азатжол – басы
3--ортасы,
4-соңы.
Әңгімені «ЖИГСО-1» әдісі бойынша оқуды ұйымдастыру.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығуда қосымша уақыт беріледі. Оқығандарын өз сөздерімен айтады, қабілетті оқушылар көркемдегіш құралдарды қолданып, өз ойын еркін жеткізе алады.
Бағалау: топтар бір- бірін «Қол сигналдары» арқылы бағалайды.
2- тапсырма
«Үштік» әдісі
Оқушылар берілген сұрақтың жауабын жазып, түріп алады. Содан соң үш оқушыдан бөліне отырып, өз жауаптарымен салыстырады.
- Мәтінде қандай қалалар туралы айтылған? Неліктен көне қала дейміз?
- Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қала?
- Қазақ хандығының астанасы болған қала?
- 9- ғасырларда әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт- медреселер болған қала?
- Қазіргі уақытта Отырар қандай?
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім жетелеуші сұрақтар қояды. Қабілетті оқушылар ақпаратты бірден анықтайды.
Бағалау: Жауап соңында басқа топ «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
3- тапсырма
(Ө) (ҚБ) Мәтінді және әртүрлі дереккөздерді пайдаланып, көне қалалар туралы мәлімет жинастыр. Ақпараттарды кестеге түсір.
Тараз Түркістан Отырар
_________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті оқушы қосымша дереккөздерден (ҚБ) Дескриптор:
• мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
• мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.
Сергіту сәті «Айгөлек»

Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.
4- тапсырма. Сөйлемдерді толтықтыр.
Айша-бибі кесенесі ХІІ ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет _____________, қазақтың Тәж-Махалы. Өзінің сәулеттік _________, __________ керегелерінің айшықтығымен бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс. Қазіргі _________ “Айша бибіге” осындай баға беруде.
Керекті сөздер: маржаны, сымбатымен, өрнекті, ғалымдар.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі.
5- тапсырма.
(Ө) (ҚБ) Мәтінде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жаз.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. .
(ҚБ) Дескриптор:
• мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.
Б: бағдаршам түстеріне сәйкес оқушылар өз- өздерін бағалайды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 879



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі