Жарқын болашақ

 Жарқын болашақ

Жезқазған қаласы
Дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін аймақтық - 5 - ші «Жарқын болашақ» байқауының сценарийі

Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жаңа Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қастерлеуге баулу.

Өтетін жері: Қазақ - түрік лицей - интернатының жиын залы
Өткізілетін уақыты: 9 ақпан 2013 жыл, сағат 10. 00
(Қазақтың әсем ұлттық әуені ойнап тұрады, сахна безендірілген, баннер ілінген)
Фанфара (2 жүргізуші шығады)

1 - ші жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті әдебиетті, өнерді, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен ардақты оқушылар, бүгінгі оқушылардың өнерін тамашалауға келген ата - аналар мен жанкүйерлер!
2 - ші жүргізуші: КАТЕV Халықаралық коғамдық қорының бастамасымен облыстық білім басқармасы және Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ - түрік ерлер лицей - интернатының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілетін «Жарқын болашақ» 5 - ші Республикалық қазақ тілі олимпиадасына қош келдіңіздер!

1 - ші жүргізуші: «Жарқын болашақ» 5 - ші Республикалық қазақ тілі олимпиадасының аймақтық кезеңіне Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы мектептерінен 100 - ден астам оқушы қатысып, өнер додасында бақ сынады. Бүгін аймақтық байқауға аудандық, қалалық мектептерден «Жүзден – жүйрік, мыңнан - тұлпар» шыққан 24 оқушы қатысқалы отыр.

2 - ші жүргізуші: «Жарқын болашақ» 5 - ші Республикалық қазақ тілі олимпиадасының аймақтық кезеңін ашық деп жариялаймыз.

(ҚР ӘНҰРАНЫ ОЙНАЛАДЫ)
1 - ші жүргізуші: Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Бірлік, достық, татулық жүрегі боп
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

2 - ші жүргізуші: Жанын сап, халқын сүйіп, баққан тілім,
Жалықпай құпиялар ашқан тілім!
Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,
Жат жұрттан да достарын тапқан тілім!

1 - ші жүргізуші: Байқау бес бағыт бойынша өткізіледі.
Бірінші бағыт «Сөз шеберлері» байқауы
2 - ші жүргізуші: Екінші бағыт «Әнші бұлбұлдар» байқауы
1 - ші жүргізуші: Үшінші бағыт « Жазушылар» байқауы
2 - ші жүргізуші: Төртінші бағыт «Жас ғалымдар» байқауы
1 - ші жүргізуші: Бесінші бағыт « Тілші - әдебиетшілер» байқауы

2 - ші жүргізуші: Бүгін аудандық, қалалык білім бөлімдері мектептерде өткізілген байқауларда аймақтық кезеңге жолдама алған жеңімпаздар өнерлерін ортаға салады. Байқаудың аймақтық кезеңінің жүлдегерлері сәуір айында Астана қаласында өтетін «Жарқын болашақтың» V Республикалық кезеңіне жолдама алады. Бүгінгі дүбірлі додаға бағын сынап қатысып отырған өнерпаздардың құрметіне ду қол шапалақ.
1 - ші жүргізуші: Қазылар алқасының шешімімен іріктеліп жоғары ұпай жинаған: мәнерлеп оқудан - 1 жеңімпаз, ән айтудан - 1 жеңімпаз және «жазушылардан» — 1 жеңімпаз, «жас ғалымдардан» - 1 жеңімпаз, «тілші - әдебиетшілерден» - 1 жеңімпаз, барлығы - 5 оқушы 2013 жылдың ____ сәуірінде Астана қаласында өтетін Республикалық финалға өту үшін іріктеу кезеңіне жолдама алады.
2 - ші жургізуші: Осы байқаудың өткізілуіне тікелей басшылық жасап, демеуші, қамқор болып, қазақ тілінің келешегіне, ұлттық өнердің өркендеуіне жанашырлық танытып жүрген Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ - түрік ерлер лицей - интернатының директоры Мәулет Арыстанбек Мәулетұлына және Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы Исина Гүлзайра Жеңісқызына сөз беріледі.
Қ¥ТТЫҚТАУ СӨЗ
1 - ші жүргізуші: V «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының салтанатты ашылуына лицей оркестрінің орындауында «» күйі. Қабыл алыңыздар!

2 - ші жүргізуші: Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

1 - ші жүргізуші: Бабамның тілі, данамның тілі, мұратым,
Қазақтың тілі - Абайдың тілі ұлы ақын.
Қазақтың тілін кемітем деген «кемеңгер»,
Алладан барып, бас иіп тұрып сұрасын.

2 - ші жүргізуші: Елімді сүйем, жерімді сүйем - расым,
Өзенім, тауым, көлдерім, жылға жырасын.
Қасиетін ұғып қадірлеп көкке көтерем,
Атынан түспей, қалдырған бабам мұрасын, -
дегендей, бүгінгі байқаудың қазылары алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
«Жарқын болашақ» байқауының қазылар алқасының төрайымы:
 Исина Гүлзайра Жеңісқызы, Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы
Хатшысы: Елеуова Сәндігүл Шоңқабайқызы, Жезқазған қазақ - түрік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
1 - ші жүргізуші Алқа мүшелері:
І. «Сөз шеберлері» және «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша:
 Исина Гүлзайра Жеңісқызы, Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы.
 Мәулет Арыстанбек Мәулетұлы, Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ - түрік ерлер лицей - интернатының директоры.
 Жүнісова Айнагүл Жақсылыққызы. Шахтинск қалалық білім бөлімінің әдіскері.
 Үмбетова Алмагүл Қоғабайқызы, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Жезқазған университеті филология факультетінің аға оқытушысы.
 Байдалина Қарлығаш Жәнібекқызы, С. Қожамқұлов атындағы қазақ - сазды драма театрының әртісі.
2 - ші жүргізуші ІІІ. «Жазушылар» бағыты бойынша:
 Жанұзақова Зәуреш Тұрсынқызы, Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ - түрік ерлер лицей - интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
 Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы, Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ - түрік ерлер лицей - интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
1 - ші жүргізуші ІV. «Жас ғалымдар» бағыты бойынша:
 Жангабулова Зәуре Кәлімжанқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Жезқазған университеті филология факультетінің аға оқытушысы.
 Токушева Шолпан Қияшқызы, Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ - түрік ерлер лицей - интернаты директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары.
2 - ші жүргізуші V. «Тілші - әдебиетшілер» бағыты бойынша:
 Капарова Динара Онгонисовна, Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ - түрік ерлер лицей - интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
 Оспанова Әсем Төлеубайқызы - Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ - түрік ерлер лицей - интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
 Байқаудың аймақтық кезеңінің қазылар алқасы:
 қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және 5 балдық жүйемен бағалайды;
 қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
 жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
 облыстың білім басқармасына Байқаудың қорытындылары туралы есеп береді.
2 - ші жүргізуші: Тіл - Абылай ұраны
Қалың жауға бастаған
Тіл - Біржан сал бір әні
Ақан сері қостаған
Қазылар алқасының құрметіне Жезқазған қазақ - түрік лицейінің 11 - сынып оқушылары Сұлтанбай Дархан мен Шәкіманов Батыржанның орындауында ән - шашу. Қабыл алыңыздар.
1 - ші жүргізуші Құрметті әділ қазылар мүшелері және «Жазушылар», «Жас ғалымдар», «Тілші - әдебиетшілер» бағыттары бойынша байқауға қатысушылар өздеріңізге белгіленген кабинеттерге барып, байқауды бастауларыңызға рұқсат.
2 - ші жүргізуші: Байқаудың «Сөз шеберлері» бағытын бастаймыз. Бұл бағыт бойынша оқушылар бірінші поэзиялық шығармасын, екінші прозалық шығармасын оқиды.
1 - ші жүргізуші: Ортаға Сәтбаев қаласы №4 мектеп лицейінің 10 - сынып оқушысы Қараханова Зарина шақырылады. Дайындалып отырсын Жезқазған қаласы №3 орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Конькова Анастасия.
2 - ші жүргізуші: Ортаға Жезқазған қаласы №3 орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Конькова Анастасия шақырылады. Дайындалып отырсын Ұлытау ауданы Қаракеңгір №4 орта мектебінің 8 - сынып оқушысы Мұсылманбекова Назерке.
1 - ші жүргізуші: Ортаға Ұлытау ауданы Қаракеңгір №4 орта мектебінің 8 - сынып оқушысы Мұсылманбекова Назерке шақырылады. Дайындалып отырсын Жезқазған қаласы №7 мектеп лицейінің 7 - сынып оқушысы Әскербек Данияр.
2 - ші жүргізуші: Ортаға Жезқазған қаласы №7 мектеп лицейінің 7 - сынып оқушысы Әскербек Данияр шақырылады. Дайындалып отырсын Сәтбаев қаласы №15 орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Әділбеков Медет.
1 - ші жүргізуші: Ортаға Сәтбаев қаласы қаласы №15 орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Әділбеков Медет шақырылады.
2 - ші жүргізуші: Байқаудың «Сөз шеберлері» бағыты өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы сараптау жұмыстарын бастауына рұқсат.
1 - жүргізуші: Тіл - ұлтымның анасы
Ақ сүттей бойға татынған
Тіл – бар қазақ санасы
Елдікке дербес шақырған.
Жезқазған қазақ - түрік лицейінің 7 - сынып оқушысы Серікбай Алият. Мұхтар Шахановтың өлеңі «Әке үкімі» Қабыл алыңыздар
2 - ші жүргізуші «Әнші бұлбұлдар» бағытын бастаймыз.
1 - ші жүргізуші: Ортаға Сәтбаев қаласы №4 мектеп лицейінің 9 - сынып оқушысы Крятова Елена шақырлады. Дайындалып отырсын Сәтбаев қаласы №16 орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Қанат Ақбота.
2 - ші жүргізуші: Ортаға Сәтбаев қаласы №16 орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Қанат Ақбота шақырылады. Дайындалып отырсын Ұлытау ауданы №1 орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Қайырбекова Мерей.
1 - ші жүргізуші: Ортаға Ұлытау ауданы №1 орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Қайырбекова Мерей шақырылады. Дайындалып отырсын Жезқазған қаласы №7 мектеп лицейінің 9 - сынып оқушысы Урманов Алғыс
2 - ші жүргізуші: Ортаға Жезқазған қаласы №7 мектеп лицейінің 9 - сынып оқушысы Урманов Алғыс шақырылады.
1 - ші жүргізуші:
Міне, құрметті көрермендер байқауымыздың «Әнші бұлбұлдар» бағыты да өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының ақылдасуы үшін 1 - сағат үзіліс жарияланады. Барлық байқауға қатысушыларды жетекшілерімен бірге лицей асханасына түскі асқа шақырамыз.
ҮЗІЛІСТЕН КЕЙІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ.
2 - жүргізуші Құрметті қонақтар, сонымен «Жарқын болашақ» байқауының 5 бағыты бойынша өткізілген сайыс өз жұмысын аяқтады. Байқау қорытындысын жариялау үшін «Тілші - әдебиетшілер» бағыты бойынша төрелік еткен қазылар алқасын үлкен қошеметпен сахна төріне шақырайық.(Әділ қазылар сахнаға шыққаннан кейін хабарлаңдар) Аты аталған жеңімпаздардың сахнада қалуын өтінеміз.
1 - жүргізуші: «Сөз шеберлері» бағыты бойынша қазылық еткен төрешілерді сахна төріне шақырамыз. Аты аталған жеңімпаздардың сахнада қалуын өтінеміз.
2 - жүргізуші: «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша қазылық еткен төрешілерді сахна төріне шақырамыз. Аты аталған жеңімпаздардың сахнада қалуын өтінеміз.
1 - жүргізуші: «Жас ғалымдар» бағыты бойынша қазылық еткен төрешілерді сахна төріне шақырамыз. Аты аталған жеңімпаздардың сахнада қалуын өтінеміз.
2 - жүргізуші: «Жазушылар» бағыты бойынша қазылық еткен төрешілерді сахна төріне шақырамыз. Аты аталған жеңімпаздардың сахнада қалуын өтінеміз.
1 - жүргізуші: Осы байқауға оқушыларын дайындап, шығармашылықпен еңбек еткен ұстаздарды марапаттау үшін қазылар алқасының төрайымы Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы Исина Гүлзайра Жеңісқызына құттықтау сөз кезегі беріледі.
2 - жүргізуші: Бүгінгі байқаудың жүлдегерлерінің құрметіне «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша 1 - орынды жеңіп алған......................................

.................................................................................................................................
әнімен сахнаға шақырайық.
1 - ші жүргізуші Осымен облыстың жалпы білім беретін мектептері оқушылары арасында өткен V «Жарқын болашақ» байқауының аймақтық кезеңі аяқталды. Бүгінгі байқаудың жүлдегерлерінің Республикаға өтуіне іріктеу жұмыстарын КАТЕV Халықаралық коғамдық қорының өкілдері өздері жүргізеді.
2 - ші жүргізуші 2013 жылдың сәуір айында Астана қаласында өтетін V «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының Республикалық кезеңінде кездескенше күн жақсы болсын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!