Сәулетті біздің Алматы Абдрахман Асылбеков «Сәулетті біздің Алматы» «Мұзайдын» «Алматының жолдары» (3 сынып, II тоқсан)

 Сәулетті біздің Алматы Абдрахман Асылбеков «Сәулетті біздің Алматы» «Мұзайдын» «Алматының жолдары» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Сәулетті біздің Алматы Абдрахман Асылбеков «Сәулетті біздің Алматы» «Мұзайдын» «Алматының жолдары»
Оқу мақсаты: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады.
Көптеген оқушылар: шығармалардан көркем бейнелі сөздерді таба алады.
Кейбір оқушылар: нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде бере алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды орындықтарының артына жапсырылған сурет бойынша 4 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Медеу»
2-топ: «Алатау»
3-топ: «Саябақ»
4-топ: «Шымбұлақ»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма Суретпен жұмыс
(МК, Ж,ОТ) «Болжау» стратегиясы бойынша слайдта көрсетілген суреттер туралы ой бөліседі, тақырыпқа болжам жасайды, суреттермен толықтырады.
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
Суретпен жұмыс
Абдрахман Асылбек- ақын. Ол 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. мұғалім болған. «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.
2- тапсырма
(Т, С, Қ) Абдырахман Асылбектің «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын», «Алматының жолдары» өлеңін барлық оқушылар «Түртіп алу» әдісіне сүйеніп, іштей оқиды. Көркем бейнелі сөздерді белгілей отырып оқиды, өлең мазмұнына қажетті ақпаратты сызба түрінде көрсетеді.
1-топ: «Медеу» - «Мұзайдын» өлеңімен
2-топ: «Алатау»- «Сәулетті біздің Алматы» өлеңімен
3-топ: «Саябақ» - «Алматының жолдары»
өлеңімен
4-топ: «Шымбұлақ» - басқа да ақындардың Алматы туралы дереккөздерден өлеңдер тізімін жасайды, сызбаға түсіреді.
Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Әр топ өз өлеңін көркем бейнелі сөздерді қолданып, өз ойы мен сезімін жеткізеді. Нақты ақпараттарды сызба түрінде ұсынады. Топтар пікір алмасады.
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
• өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
• өлеңдерден көркем бейнелі сөздерді таба алады;
• сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;
• өлеңдегі ақпаратты сызба түрінде көрсетеді;
• Алматының әсем жерлері туралы әңгімелейді..

3-тапсырма
(ОТ, МК, Ж) Кестемен жұмыс
Жұпта «Бірге ойлаймыз» әдісіне сүйеніп өлең жолдарын өз түсініктерімен жеткізеді.
Өлең жолдары Түсінгеніңді қара сөзбен жаз
Қоршаған таулары,
Жайқалған баулары.
Бұлбұлдар шырқаған,
Субүркек бұрқаған.
Алматы керемет қала ғой.
Алатау айрықша дара ғой.
Көрікті жерлері жетеді,
Бірінен бірі өтеді.
Көңілді көтеріп, демеуге,
Тура жол тартады Медеуге.
Онда бар мұзайдын-сырғанақ.
Құмарың қанбайды мың қарап.
Алатауға алып барса таспа жол,
Көктөбеге көтереді аспа жол.
Жүрегіңді жаңа ауданмен жалғайды,
Абай атты аса сұлу қасқа жол.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

4- тапсырма
(ОТ,Ұ,МК) «Идея туралы пікір» әдісі бойынша бірге ойланып, басқалардың пікірін сұрай отырып ұжымда орындалады. Оқушылар берілген тапсырман орындау үшін оқушылар дереккөздерден (кітап, ғаламтор т.б.) мәліметтер жинастырады. Онан соң бір-бірімен ақылдасып, жинастырған мәліметтері мен өз ойларын біріктіріп жоба ережесіне сүйене отырып дайындайды.
Жоспары:
1. Қаланың сызбасын жасауға дайындық
2. Сызба ұсыну
3. Сөзбен көркемдеу
4. Жобаны қорғау
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 437



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!